Ж.Бөдештің «Жалғыз» поэмасынан алынған үзіндіні оқып, автордың шығармада көтерілген мәселеге қатысты қарым-қатынасын анықтаңыз. 7-8 сөйлем. ... Жалғыздықтың азабын Шәкәрімдей тартқан кім?
Жалғыз құдық түбінде жалғыз қурап жатқан кім?
Жалғыз таудың қуысын қысы-жазы паналап,
Жалғыз балға. Төрт таға. Жалғыз атын тағалап.
Тобылғы сап, жез бунақ, жалғыз қамшы сабалап...
Жалғыз қыстау. Жалғыз меңіреу тас үйде:
Жалғыз шырақ. Жалғыз төсек. Жалғыз жастық.
Жалғыз Құран. Жалғыз құман.
Жалғыз шаршы жайнамаз.
Бес намазын оқиды. Күңіреніп білікті ұл,
Тыңдайды оны сай-сала,
Орман тоғай, Тымық қыр.
Жалғыз жарлы ас үйде:
Жалғыз ошақ. Жалғыз қазан. Жалғыз шөміш.
Жалғыз көсеу. Жалғыз табақ. Жалғыз кесе.
Жалғыз қасық.
Жалғыз шәугім. Бәрі-бәрі жалғыздан.
Жалғыз жүрек. Жалғыз қалам. Жалғыз жан.
Тас қораның сыртында:
Төңкерілген ит-аяқ.
Жалғыз боран. Жалғыз бөрі ұлып тұр.
Емен есік күзеткен жалғыз шойын құлып-құл...
Босағада мөңірейді іші қуыс тұлып құр.
Ағаш науа ішінде қатып қалған тұнық су.
Қатып қалған сіресіп жалғыз қайың құрық тұл.
Беу, жалғыздық әлемі, беу жалғыздық әлемі.
Ғұламаға ғұмырлы жарасқаның әдемі...
Жалғыздықтан қорқады обыр, жемқор,
Топшыл, құзғын, күшіген.
Жалғыздықты - даралық, даналық деп түсінем.
Тағдырлар бар сан алуан, ішінде құла, аласы.
Жалғыздықтан жаралған а
Данасы мен дарасын мәрмәр тасқа қашайды ел.
О, жалғыздық, жасай гөр, о, жалғыздық, жасай бер!