В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
sveta19772011owor7w
sveta19772011owor7w
07.07.2021 03:05 •  Қазақ тiлi

Жігіт сыны (Ақан сері Қорамсаұлы)
Жігіт боп, гауһар тастай асыл болса,
Әлсізге жаны кілең ашыр болса,
Әрқашан жігіт сондай тәуір болмас,
Не пайда шүберектей жасыл болса?!
Көзі де, көңілі де соқыр қараңғының,
Несі адам түк білмейтін масыл болса?!
Наркескен қайрылмайтын қылыш болса,
Мінез, ақыл, өнері дұрыс болса!
Бір сырлы, сегіз қырлы болса жігіт,
Жорғадай тілі майда жүріс болса!
«Ақылды, сабырлы ер!» деп соны айтамыз:
Еткені берекелі жұмыс болса!
Бұл айтқан ақылымда жалған бар ма?
Көріңдер миға салып, бұрыс болса,
Бозбала шамшырақтай жанар болса,
Ішінде қалың топтың жанар болса,
Ақиқат адамдықтың белгісі сол:
Су берсең, балдай көріп қанар болса,
Ақылсыз кейбіреудің мінезі сол:
Бір сөзді екі қылып жамар болса,
Бұл саған айтқан, досым, өсиетім,
Жүре бер тыңдамай-ақ залал болса,

о чем стихотворение жігіт сыны Ақан сері Қорамсаұлы ​

Показать ответ
Ответ:
romaalykulov
romaalykulov
28.07.2022 06:51

Отан қайдан, неден басталады?

Қазақ халқында «Отан отбасынан басталады» деген терең мағыналы сөз бар. Шындап келгенде, әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді. Себебі, отбасының бала тәрбиесінде алар орны ерекше, баланың қалыптасуы отбасынан бастау алады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ата мен ананың тәрбиесі қатар жүрген жерде жақсы азамат қалыптасатыны сөзсіз. Осы ретте ойыма «Ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеде» деген мақал түсіп отыр, яғни халқымыз ұл баланың да, қыз баланың та отбасынан бастау алатын тәлім – тәрбиесіне аса мән берген.

Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен ауыстыруға болмайтын баспалдақ. Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес,  қоғамның да басты негізі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай.

Не болса да Отанның бір бөлшегі – отбасыңа ештеңе де жетпейді! Өйткені отбасы – табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет бір сыйы! Соны мәңгі есте сақтап, ұмытпаған жөн!

0,0(0 оценок)
Ответ:
stars28082003
stars28082003
29.10.2021 23:45

Мектеп қабырғасында жүргенде мұғалімдеріміз бізге "Мектеп – кеме,білім – теңіз.Барар жерге тез жетеміз" деп хормен айтқызушы еді ғой.Ол кездері бұл екі жолдың мағынасын түсінбейтін едік.Ал өсе келе ұғынамыз,көреміз.

Қазіргі таңда ғылым қарыштап дамуда.Ғылымның арқасында адамзат тұрмысына,өміріне қажетті жаңалықтар ашылуда.Ал ғылымның әр саласы білімнің дамуымен тығыз байланысты.

"Заман өзгерді ме,адам өзгерді ме?" деп жатамыз.Меніңше,адам өзгерді.Себебі,бүгінгі таңда адамдар біздің үш ұйықтаса түсімізге кірмейтін жаңалықтар ашып,өнертабыстарды жасап шығаруда.

Ғылымның адам өмірінде пайдасы үлкен деп ойлаймын.Тіпті,ғылымсыз бүгінгі күні адам өмірін елестету мүмкін емес.Ғылымның нәтижесінде алпауыт өнертабыс саналатын,барлығымыздың көз алдымызда жүрген компьютердің өзі адам кәдесіне жарап-ақ жүр.Небір ғалымдар күн,түн демей,көз майын тауысып,адам өміріне қажетті әрі көздің жауын алатын өнертабыстарды жасау үстінде.Әрине,көп ізденіс,көп тер қажет.Біз бұл өнертабыстарды қолдану себебіміз оның ыңғайлылығында деп білемін.Олар уақыт үнемдейді,адам істей алмайтын заттарды істей алады.Міне, ғылымның пайдасы осында деп білемін.

Объяснение:

эссе

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота