Менің әжем бар. Ол өте мейірімді жан. Мен кішкентай күнімнен әжемнің бауырында өстім. Ол мені адалдыққа, білімге құштар болуға үйретті. Әжем қазақ ауыз әдебиетінен көптеген ертегілер, аңыздар біледі. Сол білгендерін маған күнде ұйықтар алдында айтып береді. Әжем менің күнде сабағымды тексереді. Сабақтан жақсы баға алсам, әжем қатты қуанады. Мені құлыншағым ботақаным деп еркелетеді. Әжем әрдайым менің тәрбиеме де үлес қосып келеді. Ол менің ибалы да, иманды қыз болып өсуімді қалайды. Мен әжемнің менің жақсылығымды көріп, қызығыма тоймай, ұзақ өмір сүре берсін деп тілеймін!
– Кітапханадан. Әдебиеттен үйге М.Әуезов туралы біліп келуді тапсырған.
– Солай ма? Біз ол туралы кеше өтіп кеттік. Қаласаң, мен саған сұрақтар қояйын, сен жауап бер. Жарай ма?
– Жарайды.
– Ендеше, М. Әуезов кім? Қарапайым болса да, толық жауап бер, достым.
– Қазақтың ұлы жазушысы, ғұлама ғалым, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері.
– Дұрыс. Бала Мұхтардың атасы Әуез Құнанбайдың кімі?
– М-м...Құнанбайдың кіші әйелі Нұрғанымның туған інісі. Дұрыс па?
– Иә. Ол Семейдегі орыс гимназиясында қанша жыл оқыған?
– Бес жыл оқыды.
– Жарайсың! Жазушының жиырма жасында жазған туындысы?
– Бұл – "Еңдік-Кебек" пьсесы ғой.
– Ал "Абай жолын" жазуға қанша уақыт кеткенін білесің бе?
– Жоқ, білмейді екенмін.
– Олай болса тыңда.Әуезовтің "Абай жолы" эпопеясын жазуға 30 жыл уақыты кетті. Он тоғыз жасынан Абай туралы жазуды ойға алып, он жеті жыл үздіксіз ізденіп, он екі жыл ішінде жазып шықты.
– Рақмет, Арман! Ертеңгі сабаққа дайынмын.
– Оқасы жоқ. Жақсы нәтиже көрсет, достым. Сау бол!
Асыл әжем!

Сәлем, Арман! Қалайсың?
– Сәлем, Берік! Жақсымын, өзің ше?
– Менде де бәрі жақсы. Қай жерден келе жатырсың?

– Сау бол!