Адамдық немесе адамгершілік адам бойындағы асыл қасиет, бұл дегеніміз рухани тәрбиенің бастауы, әдептілік ұғымымен қатар жүретін а ң ең жоғарғы мақсатына бағытталған гуманистік құндылық болып табылады. Адамгершілік басқа сөзбен айтқанда, адамшылдық дегенді білдіреді, яғни бұл қасиет адам бойында ең алдымен отбасында, атап айтқанда ата – ананың үлгісі мен тәлім – тәрбиесінің арқасында қалыптасады. Халықтық дүниетанымда мінез-кұлықтың әр түрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады. Мінез-құлық пен іс-әрекеттерде көзге түсетін төмендегідей адамгершілік белгілерін атап өтуге болады: адамды қастерлеу, сыйлау, сену, ар-ұятты сақтау, имандылық пен рахымдылық, ізеттілік пен кішіпейілділік, әділдік, қанағатшылдық және т.б. Адамгершілік адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз - өзін сыйламайды.Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді. Моральдың негізгі міндеті — адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу. Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың моральдық сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады. Адамгершілік тәрбиесінің теориялық мәселелері өл-Фараби, Ыбырай, Абай, т.б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан.Біздің отбасымызда ата-әжем, ата-анам үнемі бізге өнегелі тәрбие беріп, бойымызда тек жағымды қасиеттердің қалыптасуына септігін тигізеді. Осы ізгі тәрбиені бойыма сіңіріп, болашақта ата-анам ғана емес, бүңіл ел мақтанатындай адамдық диқаншысы болғым келеді.
2. Қазақстан тәуелсіздігінің бес жыл толуы құрметіне биік обелиск түрінде тұрғызылған.
3.1995
жылы 13 шілде күні Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Алма-
ты қаласында Тәуелсіздік монументін орнату туралы қаулы қабылдады.
4. Шот-Аман Уәлиханов.
5.Аман Ыдырысұлы Уәлихан ; 1932 жылы 26 сәуірде туған , Сырымбет ауылы , Солтүстік Қазақстан облысы , Қазақ АССР ) - әйгілі кеңестік және қазақстандық мүсінші , Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген сәулетшісі . Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ( 1990 ). Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі республикалық қоғамның төрағасы.
1 Алматыда орналасқан.