Жұмсақ төсек Кірпі ағаштың түбінен ін қазды. Ін оған жайлы болды. Бірақ оның төсегі болмады. Кірпі өзіне төсек іздеуге шықты. Ол үйіліп жатқан жапырақтарды көрді. Кірпі жапырақтардың үстіне аунады. Жапырақтар кірпінің инесіне қадалды. Кірпі жапырақтарды ініне алып келді. Енді кірпінің жұмсақ төсегі бар. (41сөз) Жазылуы қиын сөздер: төсегі, үйіліп. 1.Бірінші сөйлемдегі жуан айтылатын сөздердің астын сызыңдар. 2.Үйіліп, ініне, инесіне сөздерін буынға бөліп, доғамен белгілеңдер. 3.Тасымалданбайтын екі буынды сөздер жазыңдар.
1.Ағаштың, қазды
2.Үйі-ліп, і-ні-не, и-не-сі-не,