• Жәнібектің игілікті іс істеуінің мәні неде деп ойлайсыңдар? • Мәтіндегі «Білер аз күнде-ақ бір-бірімізді көптен бері білетін
аламлардай жакындасып кеттік» деген ойдан не түсіндіндер?
Адамдар бір-бірімен риясыз араласуы үшін олардың бойында қанша
касиеттер болуы керек екен? Неліктен?
• Жәнібектің бойындағы енерге деген құрмет пен сүйіспеншілік кандай
iri касиеттен туындаған? ?
• Өзін осындай оқиғаға тап болсаң, не істейсің? Әңгімелеп бер.
Ерлан Жүніс (7 қараша 1984 жыл Алматы облысы, Жамбыл ауданы) - ақын.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының лауреаты.
М. Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің «Әлем тілдері» факультетін «әдебиетші, филолог» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
2001 жылы «Абай оқуларынан» Бас жүлде алған
2006 жылы Халықаралық «Шабыт» фестивалінде Президент Кубогі және Гран-При иеленген.
2009 жылы Баянауыл тақырыбында жазған «Үздік журанлист» Алтын белгісін алған.
2012-2013 жылдардағы Мемлекеттік Стипендия иегері.
2001 жылы «Жыр-Перзент», 2011 жылы «Киелі түндердің дұғасы», 2013 жылы «Хауас», 2014 жылы «Ғаусар», 2015 жылы «Үміт жырлары» жыр кітаптары жарық көрген.
Жамбыл облыстық «Ақ жол», «Ар-Ай» газетінде, Республикалық «Қазақ әдебиеті», «Айқын» газеттерінде, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби консультант қызметтерін атқарған. Қазір ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы жанынан құрылған «ТӘЖ» (Тәуелсіздік. Әдебиет. Жастар) әдеби-интеллектуалды клубының жетекшісі.
ХХІ ғасырдың тез өзгеріп жатқан өмір ағысында əрбір индивид өзінің кəсіби біліктілігі арқылы, белгілі бір арнайы тілдің, басқаша айтқанда, ғылым саласының иесі ретінде танылады. Бұл білім беру саласында терминдердің мəнін дұрыс түсіндіру, олардың табиғатын тану мəселесін өзектендіреді.
Терминология — ақпарат көзі, сонымен бірге терминология — лексиканың сыртқы өзгерістерге тез бейімделетін, онымен тығыз байланысты бөлігі. Терминологиядан қоғамдағы тарихи өзгерістердің кезеңдерін, себептерін, өркениеттердің тегін, тілдің мəдени, ғылыми, техникалық əлеуетін тануға болады.
Ғылыми ұғымды жеткізетін терминдер ұлттық та, ұлтаралық та, халықаралық та бола алады. Терминологияда қолданылатын термин сөздердің көпшілігі шығу тегі жағынан халықаралық немесе бірнеше тілдерге ортақ болып келеді.
ХХ ғасырдың 50–70-жылдары аралығында қазақ тілінің терминдер жүйесі қалыптастырылды, реттелді, бұл тармақ əсіресе практикалық тұрғыдан біршама тиянақталды деген тұжырым жасалған болатын жəне бұған дəйек ретінде қазақ терминологиясының 70–80 пайызын кірме, яғни интернационалдық (халықаралық), терминдер құрайтындығы көрсетілген еді.
Қазақ тілі мемлекеттік тіл болу үшін терминдеріміздің құрамы сандық қатынасы жағынан керісінше, яғни тіліміздегі терминдердің 70–80 пайызы қазақтың төл сөздері болу керек те, қалған 20–30 пайызы кірме сөздер болуы керек дейді терминология мəселесімен түбегейлі айналысып жүрген ғалымдар, терминолог-мамандар. Бұл 20–30 пайыз бөтен сөздер тіліміздің сөздік құрамы мен құрылысын, бірегейлігін бұза алмайды.
Біздің терминологиямыздың басым бөлігі шет тілдерінің сөздері болып кетуі — ұлт тілінің ғылым саласында қолданылмауы салдарынан салалық мамандардың термин шығармашылығымен айналысудан гөрі өзге тілдерден дайын терминдерді қабылдауға дағдыланғандығынан деп тұжырымдайды кейбір зерттеушілер. Сондықтан да мемлекеттік тілді ғылым мен техниканың сан түрлі саласында қолданып, термин шығармашылығында іске қосудағы салалық мамандардың рөлі ерекше. Дəлірек айтқанда, бұл солардың қолындағы іс. Бірақ салалық мамандардың барлығы бірдей терминге қойылатын талаптарды, терминологиялық жүйенің ерекшеліктерін, терминдерді тілдік тұрғыдан реттеуді біле бермейді. Сондықтан терминтану ғылымының тіл білімімен тікелей байланыстылығынан немесе оның тіл білімінің негізінде қалыптасатындығынан болса керек, əлемдік тəжірибеде белгілі бір саланың терминдерін жасап, оларды іштей жүйелеуге ерекше үлес қосқан салалық мамандардың барлығына қарамастан, терминологиялық жұмыстарды жүргізіп (оның ішінде терминтану теориясын), терминтанудың түрлі мəселелерін зерттеген терминологтар, негізінен, тіл мамандары болып келеді [1].
Халықаралық терминдердің тілімізге ену кезеңі — Алаш зиялыларының өмір сүрген кезеңінен басталады. Бұл кезең терминология жөніндегі ой-пікірлердің құндылығымен ерекшеленеді. Алаш зиялыларының көсемі А.Байтұрсынұлы бастаған ғалымдар тобы халықаралық терминдердің тілімізге енуі, қабылдануы жəне олардың қолданысы жайлы өз пікірлерін айтып кеткен. Бұл кезеңнің қоғам үшін, біздің ұлт тіліміз үшін маңызды бағыттарының бірі — зиялы қауымның жат сөздерді тіліміздің заңдылығына сəйкестендіріп қабылдауы болатын.