Жәркен Бөдешұлы өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша ақпарат:
Жәркен Бөдешұлының «Жалғыз» атты поэмасында ақын «оққа сүйенген жалғыз арқардай»деген тәмсілді негізге ала отырып, жалғыз деген сөзге назар аударады. «Бұл жалғанда кім жалғыз?» деген сауал тастаған ақын
«Ақ борықтай ай жалғыз,
Айдан нұрлы күн жалғыз.
Жарқырап тұрған Шолпан да жалғыздығын сезінер,
Таң алдында көз ілер...» деп дүниенің бәрі жалғыздан жаралғанына көңіл аударады. Оны өмірден өткен Бұқар, Абай, Шәкәрім, Мағжан, Махамбет,Исатай, Бауыржан сынды ақындар мен батырлар өмірінен мысалдар келтіре отырып түсіндіреді.
Сөз қоржын
Жалған-ауыспалы мағынада жарық дүние, өмір ,тіршілік.
Борық-өсімдік.Борық тәрізді жұмыр әрі аппақ деген мағынада.
Түйткіл-күдік, секем, сезік.
1 тапсырма :
Төменде берілген сұраққа ПОПС формуласын негізе ала отырып, өз ойыңызды білдіріңіз.
Ақын өзін неліктен жалғыз арқарға теңеп тұр деп ойлайсыз?
Үлгі:
Менің ойымша,
Оны былай түсіндіремін:
Оны мына мысалдармен дәлелдеймін.
1.
2.
3.
Ойымдыдеп қорытындылаймын.
Қазақ халқы дұрыс айтқан: «Бірінші байлық — денсаулық, екінші байлық — ақ жаулық, үшінші байлық — он саулық»Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл-күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі – салауатты өмір салтын сақтау мен қолдауда.Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш – жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлігінде қиюға болады.
Әрқайсымыздың мектеп қабырғасында өткізген жылдарымыз «мектеп өмірі» деп аталады. Осы он бір жылдың ішінде жардан ұшып, талай сәтсіздікке ұрынып, алғашқы қателіктеріміздің ащы дәмін татамыз. Оның өзін «дәуір» деп атауға болатын шығар. Бұл – махаббаттың, достықтың, сатқындықтың, қолдау мен мейірімділіктің не екенін түсінетін кезең.
Өмір дегеніміздің өзі отбасы, жұмыс, демалыс дегендерді өзара үйлестіру емес пе? Сол секілді мектеп те сабақты, адамдармен қарым-қатынасты және күнделікті еститін жаңалықтарды өзара үйлестіретін жүйе десек те болады. Біз уақытымыздың көп бөлігін мектеп қабырғасында өткіземіз.