Дос адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман-тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді. Ал достық дегеніміз - адамды ерекше қанаттандыра білетін, қуанышты үдетіп, кайғыны азайтатын қарым-қатынас түрі. Өмірде адал дос табу, достық қарым-қатынастарды сақтай білу өте маңызды. Себебі әрқайсымыз достыққа мұқтажбыз, ол ешқашан көптік етпейді.
Нағыз, адал дос өмірде орын алатын түрлі сәтсіздіктерге мойымай, басқа түскен ауыртпалықтарды бірге көтеруге жәрдемдесіп, қуаныш пен шаттық күндерді бөліседі. Дос адамдардың мінездері әр түрлі болуы мүмкін, дегенмен құндылықтары мен арман – мақсаттары бірдей болады, бірақ бұл жағдай достыққа еш кедергі бола алмайды. Халқымыз достық қарым – қатынасты ерекше бағалаған, бұған дәлел ретінде бірнеше мақал – мәтел де келтіруге болады. Мысалы, “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны өлгені, қайғының бәрі соның басында”.
Өз басым «Жолдасы көпті жау алмайды»деген мақалмен толықтай келісемін. Бір жағынан бұл мақалды тура мағынасында қарастырсақ, шынымен де, досы көп адамға ештеңе де қорқынышты емес, себебі адал достары әрдайым көмекке келіп, кез келген жағдайда құтқаруға дайын болады. Ал екінші жағынан, жолдасы көп адам ең бай адам десек болады, себебі арманы, мақсаты, құндылықтары бір достары оны өмір бойы қолдап, қуанышын бөлісіп, қайғысын ортақтасуға дайын болады.
Әлемде көптеген мамандықтар бар.Соның ішінен біреуін таңдау - өмірдің бір кірпішін дұрыс қалаумен тең.Ал мен кәсіпкерлік мамандығына тоқталып өтсем деймін.Кәсіпкерлік дегеніміз – жеке және заңды тұлғалардың, тұтынушылардың қажеттілігін қаражаттандыру және пайда табу мақсатында атқаратын кәсіп.Бұл мамандық пайда,табыс,шығын секілді ұғымдарды қамтиды.
Кәсіп – кәсіптік оқу және тәжірибе жинақтау нәтижесінде игерілетін,белгілі бір білім мен машықтарды талап ететін еңбек қызметінің түрі боп саналады.Кәсіп түрін таңдау әдетте көп жандар үшін күрделі мәселе.Көпшілік қандай кәсіп таңдау керек дегенде алғашқы қадам жасауға жүрексінеді.Елеміздегі "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қалалық жерде табыс әкелетін 5 кәсіптің тізімін ұсынған еді.Олар:қоқыс жинау қызметі,хостел,сұлулық салоны мен массаж,фудтрак,тазылық қызметі.
Ал пайда дегеніміз – тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатудан түскен табыстың осы тауарларды өндіру мен сатуға немесе қызмет көрсетуге жұмсалған шығыннан асып түсуі.Пайданың бірқатар жалпы пайда,бухгалтерлік пайда, экономикалық пайда,таза пайда деген түрлері бар.Ал табыс немесе түсім - шотқа түскен ақша.
Қорытындылай келе, кәсіпкерлік үшін пайда,табыс,шығын,кіріс оның қаржы жүйесінің көрсеткіші.Кәсіпкерлік - ерекше экономикалық құбылыс.Ал кәсіпкерлікті дамыту - мемлекеттік саясаттың ажырамас бір бөлшегі екендігін ұмытпайық.
Жолдасы көпті жау алмайды.

Эссе.
Кәсіпкерлік - ел экономикасын ілгерілетуші күш.