«Жаңа технология жетістіктері»тақырыбында мәліметтер жинақтап,әңгіме құрыңыз. Берілген суреттерді,тірек сөздерді қолданыңыз.
Тірек сөздер: заманауи құрал-жабдықтар,комтьютер, электрондық,
мультимедиялық оқулықтар,ғаламтор,сапалы білім алу,еркін даму,заманауи терминдер,Қазақстандық өнертапқыштар,жас өнертапқыштардың өнімдері .
Пысықтауыш - сөйлемде іс-әрекет, қимылдың жай-күйін, амалын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын білдіретін тұрлаусыз мүше. Пысықтауыш қалай? қайтіп? қашан? қайда? қайдан? неліктен? не себепті? кім үшін? не үшін? не істеуге? не мақсатпен? не арқылы? кім арқылы? неше рет? Деген сұрақтарға жауап береді.Толықтауыш - сөйлемде атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде тұрып, бір мүшені заттық мағына жағынан толықтырып тұратын тұрлаусыз мүше. Толықтауыштың сұрақтары: кімді? нені? кімге? неге? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? кім (не) туралы жөнінде? кім (не) жайында?