В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Araikavipv
Araikavipv
10.04.2020 12:56 •  Қазақ тiлi

ЖаҺандану үрдісі Қазақстанда қалай жүріп жатыр

Показать ответ
Ответ:
killfa
killfa
11.10.2021 20:30

Қазақстан қоғамының жаһандану үдерісіндегі құндылық бағдарлары жəне даму тенденциялары

Қазіргі уақытта жаһандану үдерісі экономика мен саясатты ғана емес, мəдени-əлеуметтік саланы да қамтып отыр. Қазіргі əлеуметтік теориядағы жаһандану ең өзекті тақырыптардың қатарында тұрғандығы мəлім. Бұл сұрақты анағұрлым терең қарастырған ғалым – Роланд Робертсон. Біздің пікірімізше, дəстүрлік жəне оны құраушылар – дəстүр, əдет-ғұрып,  риту-  ал, қағидалар,  құндылықтар  болып  табылады. Қоғамның модернизациялануы мен елдің дəстүрлік формасына үйлесімсіз патерналистікподдандық саясат, шашқыш-жыртқыш экономика, қу жазалаушы құқық, үстемдік етуші ұлттық   мəдениет,   қабілетсіз   əлеуметтік өмір - саясаттану мен əлеуметтанудың назар аударатын объектісіне айналмай отыр. Бұл ғылымда дəстүрліктің жеңуі, мемлекетте адам  факто-  ры мен адам капиталының алғашқылығын қалыптастыру, мемлекеттік орталықтанған парадигмадан социоорталықтанған парадигмаға ауысу концепциялары жасалған жəне ұсынылған емес.

Біздің міндетіміз – жаһанданудың дəстүрліктен тікелей бас тартуын түсіндіру, қоғамға азаматтылықтың қазіргі стандарттарын, қоғам мен мемлекеттің əлеуметтік серіктестігі түсінігін жеткізу болып табылады. Осыдан əлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар мен пəндерге, ең алдымен, саясаттануға, құқық пен əлеуметтануға қазіргі қоғамның болашағына деген жауапкершілік түсіп отыр. Біздің алдымызда қоғамның дағдарыстан шығуы посткеңестік кеңістік қоғамының өтпелі кезеңін теоретикалық қамтамасыз етуді шешу міндеті тұр, біздің ойымызша, оның дамуы мен жолдары социомəдени негізде жатыр деп айтсақ та болады. Мұндай методологияға негізделген, дəстүрлі социомəдени құндылықтардың орталық зонасы қоғамның барлық саяси, құқықтық, əлеуметтік салаларындағы дəстүрліктің құралдары мен қазіргі тəсілдерін зерттеу болып табылады.

Осы тұжырымға қатысты барлық əлеуметтікгуманитарлық, яғни саяси, əлеуметтанулық, құқықтық, антропологиялық, мəдени, тарихи теорияларды жекелей жəне жиынтық ретінде тəжірибеде қолдану, мемлекет пен қоғамның өзара əрекет формаларын, сонымен қатар тұлғаның қоғамдағы орнын анықтау мəселесін қарастырып зерттеу керек.

Еліміздегі жоғары жəне орта білім беру жүйелері заманның жаңа талаптарына сай құрылымдық өзгерістерге ұшырады. Бұл шаралардың басты мақсаты – əлемдік білім беру мен ғылым кеңістігіне кіру.  Əрине, бұл əрекеттердің тиімді жақтарын жоққа шығаруға болмайды. Бірақ білім беру тек жақсы маман дайындаумен ғана шектелмейтінін айта кетуіміз керек. Оның басты мақсаты – жан-жақты білімімен бірге үлкен азаматтық жəне əлеуметтік қасиеттерді  бойына  дарытқан  тұлғаны  қалыптастыру.   Алай-  да жаһандану дəуіріндегі нарық сұранысын қанағаттандыруға бағытталған білім беруде адамдық қасиеттерден гөрі маман ретіндегі бағалану алдыңғы қатарға қойылатыны жасырын емес. Бұл білім беру өзінің кең мағынасындағы маңызын жоғалтып, «шектелген» немесе Г. Маркузе тілімен айтқанда, «бірөлшемді» адамдарды өндіру корпорациясына айналып кетпей ме деген сұрақты алға қояды.

Осы тұрғыда академик Ə.Н. Нысанбаевтың ортаға салған мына пікірі өте орынды деп ойлаймыз: «Мəдениет пен ғылым саласында либералды-демократиялық қоғам құндылықтарының ықпалы артып отыр. Қазақстан халықтарының дəстүрлі құндылықтары мен өзіндік мəдени мұраттары қатты қысымға ұшырауда, сондықтан олар өздерінің  рухани  мұраларын сақтап қалуға талпынуы керек. Бірақ, соны-  мен қатар олар батыс мəдениетінің нормаларымен де өзара əрекеттесіп, өзара толығуы қажет. Мəселе батыс мəдениетімен бəсекеге қабілетті болу үшін құндылықтарды қайта қарап, қазақ мəдениетін қайта жаңғыртып дамыту туралы болып отыр. Қарқынды өріс алып отырған жаһандану жағдайында, Қазақстан халықтарының дəстүрлі құндылықтары мен либералды-демократиялық қоғам құндылықтарының конструктивті сұхбаты өте қажет. Өтпелі қоғамның мəдениет саласындағы күрделі қатынастарын реттейтін жəне халқымыздың мəдениетінің қайталанбастығы мен өзіндік сипатын қамтамасыз ететін заңдар қажет» [1,92-б.]. Мəдениеттің өзіндік ерекшелігін сақтау, қоғамдық жəне мемлекеттік тұтастықты сақтау ұлттың ішкі рухани əлеуетіне жəне шығармашылық қуатына байланысты. Ұлттың қалыптасуында ортақ тарихи жадымен бірге ортақ мақсат-мүдделер, идеялар да үлкен рөл атқарады.

Сондықтан қазіргі Қазақстан қоғамы мен мемлекетінің болашағы осындай мақсатмүдделер  мен  идеялардың   өміршеңдігіне жəне олардың интеграциялық əлеуетіне тығыз байланысты болары сөзсіз. Бұл, ең алдымен, Қазақстан   мемлекеті   мен   қоғамның   тарихи-субстанционалдық негізін құрап отырған қазақ халқына қатысты. Қазіргі қазақ зиялы қауымы мен саяси элитасы осындай ортақ мақсатмүдделер мен идеяларды өндіруге жəне іске асыруға қаншалықты қабілетті, көп мəселенің түйіні осыған келіп тіреледі.

Объяснение:

жетема

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота