Жаһандық демографиялық теңсіздік күн өткен сайын күшейе түсуде. Жалпыәлемдік тренд – адамзаттың қартаюы. Енді 40 жылдан кейін алпыс жастан асқан адамдардың саны 15-ке толмағандардан асып түседі. Туудың азаюы және адамзаттың қартаюы көптеген елдерде еңбек нарығындағы мәселелерге, атап айтқанда, еңбек ресурстарының жетіспеушілігіне әкеледі. Шиеленісе түскен демографиялық теңсіздік жаңа көші-қон толқындарын туғызып, күллі әлемде саяси-әлеуметтік шиеленісті ұлғайта түседі. Біз жас ұлтпыз. Еліміздегі орташа жас – 35 жас. Бұл біздің адам- дық әлеуетімізді сақтауға, әлемде өзіміздің дұрыс орнығуымызға зор мүмкіндік береді. Бүгінгі күні алға жылжуға бізде жақсы негіз бар. Н.Назарбаев 2-тапсырма. «Попс» формуласын қолданып, мәтін мазмұнындағы ақпараттар бойынша өз пікірлеріңді білдіріңдер. Бірінші сөйлем. Менің ойымша, Екінші сөйлем. Себебі мен оны ... деп түсіндіремін. Үшінші сөйлем. Оны мен деген фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын. Соңғы сөйлем. Осыған байланысты мен ... деген
Әрине, келісемін. Менде киімдер көп емес, бірақ бәрі ұнамды киімдер.
Жылдың әр мезгіліне арналған киімдер ме?
Ия, мендегі жаздық киімдер арзан, жеңіл, қонымды. Ал, аяқ киімдер жоғары бағадағы, сапалы. Себебі, аяқ киімдер ыңғайлы болу керек.
Мені де анам солай үйретеді. Ол әрі басың да қысқы мезгілде жылы болуы керек, сондықтан жылы бас киімдер бірнешеу болу керек дейді.
Сенде сапарға шыққанда киетін киімдер бөлек пе?
Ия, сапарға шыққанда киетін арнайы киімдер бар.
Оның өзі де әр түрлі шығар?
Ол киімдер де әр түрлі, жазда, қыста, күзде, көктемде деп бөлінеді.
Ойынға киетін киімдер тағы бар.
Олар да әр түрлі ме?
Әрине, әр түрлі киімдер, мезгілге байланысты.