Жақсылық — адамгершілік пен имандьілықты сипаттайтын жалпы ұғым. Адамға жағымды нәрселердің бәрі жақсылық ұғымы арқылы жүзеге асады. Осы жалпы қасиеті арқылы жас та, кәрі де өзінің мақсат-мүлдесіне, арман-тілегіне, болашақтан үміттенуіне сенімін білдіреді. Жақсылық арқылы жеке адамдардың іс-әрекеттеріне, қоғамдық қатынастарына, адамаралық байланыстарына тиісті баға беріледі. Жақсылық әр түрлі деңгейде тұлғалық қасиеттердің ізгілігін айқындайды. Бұл ұғым әлеуметтік психология мен әдептану ғылымдарында жиі қолданылады және адамның жас ерекшелік, ұлттық, жыныстық (гендерлік) өзгешеліктерімен байланысып жатады. Жақсылық ұғымы педагогикалық психологияда да, этнопсихологияда да жиі қолданылады. Бұл ұғым бұрын-соңды шыққан орыс және төл тіліміздегі психологиялық сөздіктерде орын алмауы бұл мәселенің әлі де тыңғылықты зерттелмегенінің айғағы.