В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
ibg478
ibg478
12.04.2023 13:19 •  Қазақ тiлi

Жақсылық-қуаныштың қайнар көзі эссе

Показать ответ
Ответ:
denver87
denver87
03.12.2020 11:20

Жақсылық жасап адамдардың мейіріміне бөлену үлкен бақыт әрі қуаныш. Жақсылық айналадағыларға қуаныш сыйлауға ұмтылдыратын, қоғамды адамгершілікке үндейтін қасиет. Жақсылық түрлі формада көрініс табады.

Біреу көрші апаның ауыр сөмкесін үйіне жеткізіп салса, екіншісі егде кісіге автобуста орын береді, енді біреуі жылап жатқан баланы жұбатады, ең ақыры үйсіз жануарларды тамақтандырады. Жақсылықтың түрі өте көп. Олар бізді дамытуға, көңілді болып жүруге, адамдарды құрметтеуге, өзіңді қадағалап ұстауға тәрбиелейді. Өзгеге жақсылық жасаушының өмірі ерекше бір мағынаға толы болады. Олар өзінің өмірді босқа сүріп жатпағандығын сезінеді. Жақсылық – адамшылықтың белгісі. Әркім өзінің қал-қадері жеткенше жақсылық жасайды. Ең бастысы, шын ниетімен, адал пейілімен жасалса болғаны.Жақсылықтың керемет тұсы – оның саған екі еселеніп қайтуы. Тіпті біз ойламаған жерден жақсылыққа, табысқа жетіп жатамыз. Ол – біздің жасалған жақсылықтарымыздан болуы әбден мүмкін. Бірақ та жақсылықтан қайтарым үміт етіп жасау – дұрыс ниет емес. Адамның табиғаты сол – өзіне жақсылық жасап, жақсы мәміледе болған адамға жамандық жасауға ұялады. «Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі, Жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі,» – деп М.Әуезов айтқан екен. Яғни еш сұраусыз-ақ ізгілікке ізгілікпен жауап қайтару – көптің қасиеті. Ал енді нағыз ерлер, шын мәнісіндегі тұлғалар жамандық жасаған адамға да қайырымды болады, ізгілігін, жақсылығын аямайтын болады екен. Міне солар – адамгершіліктің биігіндегілер. «Жақсы кісі ай мен күндей, әлемге бірдей» деп айтқан екен ғой қазақ атамыз. Шын жақсы кісі барлық адамға «нұрын» шашқысы кеп тұрады, адам жатырқамайды. Көңілі даладай кең, пейілі дархандар ғана сондай.

Жақсылық жасағанда екінші біреуді қуантып, тіпті бақытқа бөлеуге де болады. Сонымен қоса, ең үлкен қуаныш – жақсылық жасаушыда: жүрегі жұмсарып, ерекше сезімге бөленеді. Ондай адам ортада бағалы, құрметті болады. «Жақсы – жұрттың мақтаны, жұпар гүл – жердің мақтаны». Жақсы кісіні елі мақтап, жақсылығын көзі кеткесін де айтып жүреді. Кейінгілерге үлгі етіп айтып отырады.Жақсылық жасаудан қорықпау қажет.Жақсылық жасасаң алдыңа екі есе қайтады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
VarLen20005
VarLen20005
03.12.2020 11:20

Жақсылық айналадағыларға қуаныш сыйлауға ұмтылдыратын, қоғамды адамгершілікке үндейтін қасиет. Жақсылық түрлі формада көрініс табады.

Біреу көрші апаның ауыр сөмкесін үйіне жеткізіп салса, екіншісі егде кісіге автобуста орын береді, енді біреуі жылап жатқан баланы жұбатады, ең ақыры үйсіз жануарларды тамақтандырады. Жақсылықтың түрі өте көп. Олар бізді дамытуға, көңілді болып жүруге, адамдарды құрметтеуге, өзіңді қадағалап ұстауға тәрбиелейді. Өзгеге жақсылық жасаушының өмірі ерекше бір мағынаға толы болады. Олар өзінің өмірді босқа сүріп жатпағандығын сезінеді.

Жақсылық – адамшылықтың белгісі. Әркім өзінің қал-қадері жеткенше жақсылық жасайды. Ең бастысы, шын ниетімен, адал пейілімен жасалса болғаны.Жақсылықтың керемет тұсы – оның саған екі еселеніп қайтуы. Тіпті біз ойламаған жерден жақсылыққа, табысқа жетіп жатамыз. Ол – біздің жасалған жақсылықтарымыздан болуы әбден мүмкін.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота