Жақтық септикті тап Біздің жақта қыс ұзақ Биыл жұмсақ басталды да, арты толассыз жауған қарға ұласты. Әсі-
ресе жаңа жылдың алдындағы үш күн, үш түнде бас көтертпей жауған қар,
сол шаш етектен жауған қарға мелдеген ел мен жер ұлы тыныштықтың құша-
ғына тұншығып, мәңгілікке бой суытқандай жым-жырт... Осынау адамды бой-
күйездік пен есінеген ессіздікке жетелер өлі тыныштық
жапалақтап жауған
қар тыныштығы аса қызық, жүрек соғысын баяулатар мұң шақырады екен.
Кісі бойы жауған қарды бұзып, шөп әкелетін күш қайда? Өздерінен бір
хабар күтіп едім, тіпті бергі Тарбағатай қыстағында отырған жігіттер де, міне,
үшінші күн ат ізін салмай отыр. Соған қарағанда, олар да қарға қамалып
қалған секілді... Қар бағанағыдай емес, қиғаш ұшып, сабалап жауады. Жел
көбеңдеген жұмсақ қарды сыпыра ұшырып, сиыр таңдайлап әдемі сурет салып
жатыр. Үйден шығуға қорынған жұрт «не болды екен?» дегендей есіктерін
ашып, сығалай қарайды да, лезде жауып ала қояды... Отыз жылды араға салып
барып, төпелеп жауған албасты қар, енді, міне, әлдебір жұмбақ та жат үнді сар-
нап, әлдеқайдан, құбыла жақтан қақпақылдап жеткізе бастады. Қазақтардың
«тілсіз жау» деп атар дүлей күші бар әлемнің билігін өз қолына алып, тісін
аксита тау-таудың сай-саласын қуалап, жемтік іздеп бұқпалап жүргендей,
Алтайдың аш қасқыры ғажап бір сиқырмен боранға айналып, адамдарға қарап,
аранын ашып, атылайын деп тұрғандай аса қорқынышты еді.
(Оралхан Бөкей)
Әдеби тіл нормалары
мұхтар мұқанұлы мағауин (2 ақпан 1940, баршатас ауылы, аягөз ауданы, шығыс қазақстан облысы) — тарихшы, жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеушісі ғалым. филология ғылымдарының докторы, мемлекет сыйлығының лауреаты (1984), қазақстанның халық жазушысы (1996)1967-1971 жылдары "жазушы" баспасында бас редактордың орынбасары, қазақ кср ғылым академиясының м.әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып істеген, мәскеуде м.горький атындағы әдебиет институтында қазақ фольклоры мен қазақ әдебиеті тарихы бойынша арнайы лекциялық курстар жүргізді.
.