Бір кешкі уақытта машинасымен келе жатқанда жолдан жолаушы алады. жолаушы артқы орындарға отырады… жүргізуші: - иә, , қайдан келе жатырсың? кімсің? – деп әңгімеге тартады. жолаушы: - мен азраил періштемін. сені алуға келдім. жүргізуші күліп: - азраил ма? .. сендей азраил көрсем көзім шықсын.. дейді жолаушы елеңсіз: - азраилді бұрын көріп пе едің? осыншалықты сенімді сөйлейсің.. дейді да, артынан: әлі де сенбей тұрған сияқтысың…. жүргізуші: - әрине сенбедім… жолаушы: - ондай болса 200 метр алдымызда тағы бір жолаушы аласың…. шыныңда да, айтқандай 200 метр өтпей тағы бір жолаушы машинаны тоқтатады.. бұл жолы жүргізуші оны алдыңғы орынға отырғызады.. жүргізуші қасында отырған жолаушыға: - иә, сен кім боласың? қайда барасың.. алдыңғы орындағы жолаушы: - аға, мен орталыққа жақын бір жерден шығамын. атым пәленше деп өзін таныстырады. жүргізуші: - арттағы маған не деді айтайын ба? азраилмін дейді! хаха, көріп тұрсың ба ақылсызды? жақсылық жасамақшы едім, ол болса сықақтап қоймай жатыр.. алдыңдағысы артқа қарайды да… - аға, артта ешкім жоқ қой…. жүргізуші кенеттен артқа қарап: - соқырсың ба! ? артта отыр ғой! жолаушы қайта артқа қарайды да - ағатай, қалжындап тұрған боларсыз – артта ешкім жоқ! арттағы: - көрдің ба.. алдыңда отырған жолаушың мені ести де, көре де алмайды… өйткені, сені ғана алуға келдім! жүргізушінің аяқтары тітреп, үрейленгеннен сұп-сұр болады….артта отырған болса, жүргізушіге қарап: - соқырсың ба! ? артта отыр ғой! жолаушы қайта артқа қарайды да - ағатай, қалжындап тұрған боларсыз – артта ешкім жоқ! арттағы: - көрдің ба.. алдыңда отырған жолаушың мені ести де, көре де алмайды… өйткені, сені ғана алуға келдім! жүргізушінің аяқтары тітреп, үрейленгеннен сұп-сұр болады….артта отырған болса, жүргізушіге қарап: - жә, машинаңды жолдың ернеуіне қарай бұр. 2 рекат намазыңды оқы дағы дайын бол! – дейді. жүргізушінің көздері жасаурап, үмітсіз пен амалсыз бір күйде машинаны жолдың шетіне қарай бұрып, машинадан шығады да… сосын….. сосын…maшинадағы жолаушылар машинаны ұрлап кетеді!суретсіз болама {\_/} ( • -•) / >
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова (шын есімі Ілия, майдандас достары «Лия» деп атапты) (1925 ж. 15 маусым (кейбір деректерде 25 қазан, 20 сәуір), Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қаз КСР – 1944 ж. 14 қаңтар, Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники, Казачиха ауылы, РКСФР) – Кеңес Одағының Батыры (1944), мерген, ефрейтор.
1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген. Бала кезінде анасынан айырылып (1933 ж.), кейіннен Алматыда ағасының қолында тұрған, ал 1935 ж. бастап Ленинград, Красногвардейский ауданы, Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйінде тәрбиеленген. Санкт-Петербургтегі 9-орта мектебінде оқыды. Оқудағы озаттығы және үлгілі тәртібі үшін Әлия Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері – Артекке жіберіледі. Артекте батырлар тақтасына Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзе сияқты батырлармен қатар Әлия Молдағұлованың да суреті енгізілген. Соғыс басталған соң балалар үйімен бірге Ярославль облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7-сыныпты бітірісімен Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді.
1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған. 1944 ж. 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.