Түйе — сүтқоректілер класының көнтабандылар отрядына жататын күйіс қайыратын жануар. Оңтүстік американың таулы аймақтарында таралған түйетек және түйебас та осы отрядқа жатады. Олардың денесі түйеден кіші, өркеші болмайды. Олардың қолға үйретілген қолтұқымдары таутайлақ (лама) және кекілеш (альпака) деп аталады. Түйелер мен таутайлақтардың башпайларында мүйізді тұяқтары болмайды. Тұяқтың орнында башпайларының ұшында ғана доғаланып, қисық біткен кішкене тырнақ өседі. Табаны жалпақ және астынғы жағы сүйелді, жұмсақ көнмен қапталған. Сондықтан бұл жануарларды көнтабандылар деп тайды. Түйенің кеудесінде, тізесі мен тілерсегінде сүйелді, сірілі, түксіз тықыр жерлері болады. Түйе шөккен кезде сүйелді жерлері ыстық құмның әсерін сезбейді. Осыған байланысты түйе ыстық құмда шыдап шөгіп жата береді. Түйенің дене тұрқы ірі. Оның салмағы 700-800 кг, мойны иір және ұзын. Денесінің әр жерінде ұзын шудалы жүндері болады.
Түркістан — Қазақстандағы қала. Түркістан – V-VІ ғасырларда іргетасы қаланған. Есім ханнан бастау алып, XІV-ХVIIІ ғасырларда Қазақ хандығының астанасы болған. Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. ХІV ғасырда Ақсақ Темір іргетасын қалаған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі бар. Бұл қалада Қожа Ахмет Ясауи өзінің уағызшылық қызметін жүргізген. Кесене аумағында Қаз дауысты Қазыбек би,Абылай хан, Есім хан, Хақназар хан, Тәуке хан, Қанжығалы қарт Бөгенбай батыр тағы басқалар жерленген Қаланың іргетасы біздің заманымыздың 1-мыңжылдыктың бас кезінде каланған. Археологтар Түркістан қаласының тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасындағы аймақта тас дәуірі ескерт¬кіштері — Шоқтас, Қошқорған бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықтан Түркістан қаласы төңірегінде Қазақстанның басқа да өңіріндегідей Андронов мәдениетін жасаушылар тұрған. Түркістанның ежелгі аты — Ясы. Әлі күнге дейін осы көне қала тарихқа оралған. Сондықтан адамдарды қатты өзіне тартады. Менің ойымша,осы қала қанша жыл тұрса да , құпиясын ешқашан жоғалтпайды.
Әлі күнге дейін осы көне қала тарихқа оралған. Сондықтан адамдарды қатты өзіне тартады. Менің ойымша,осы қала қанша жыл тұрса да , құпиясын ешқашан жоғалтпайды.