Ас адамның арқауы
Деген сөз бар ежелден
Бойға сіңіп тарқауы
Үшін керек ереже
Тамақты іш күнде сен
Белгілі бір мерзімде
Таңертең түс түстен соң
Жатар алды кезінде.
Ас ішу кезінде ауызды сылпылдатпай,тәртіппен тамақтану,қасықты оң қолда ұстау,түзу отыру,тазалықты сақтау керек.
Сорпа көже кеспені іш
Сорпылдатпай еппен іш
Алып жәймен алдыңа
Үгітпей же нанды да.
Асты төкпей шашпай іш
Алақ-жұлақ етпей іш
Жаман әдет білгенге
Шайды ыстық деп үрлеме.
Келген асты алдыңа
Тауысып іш қалдырма.
Тарта жесең тай қалар
Қоя жесең қой қалар.
Қоймай жесең нең қалар- дегендейтамақты шектен тыс көп ішуге болмайды.
Тамақ ішіп отырып кітап оқуға,теледидар көруге болмайды.