Жай сөйлемдердің түрлерін анықтап, сәйкестендір. А. Театр - өмірлік сұрақтарға шешім табатын орын.
Б. Театрдың жанры мен түрінің бар екендігін білеміз.
С. Театр мәдениеті мен қайнарынан сусындату керек.
А. жайылма, жақты, толымсыз
Б. жайылма, жақты, толымды
С. жайылма, жақсыз, толымсыз
Тест жауабы: ЖАҒАЖАЙ.
Неологизмдер – ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге ене бастаған жаңа сөздер. Мысалы: кеден, ұшақ, жарнама, делдал, зейнетақы, саябақ т.б.
Неологизм негізінен мына жолдармен жасалады:
Бұрыннан бар сөздерге түрлі жұрнақтарды қосу арқылы: оқулық, көрермен, балмұздақ, өміршең т.б.
Жалқы есімдерді жалпы есімдерге айналдыру арқылы: суворовшылар, мичуриншілер т.б.
Екі сөзді біріктіру арқылы: келіссөз, ұлтаралық, жетіжылдық т.б.
Кейбір неологизмдер сөз тіркесінен де жасалады: агротехникалық шаралар, жергілікті тыңайтқыштар, шаруашылық дақылдары т.б.