Жай сөйлемдерге синтаксистік талдау жасап, түрлеріне қарай ажырату.
• Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені.
• Үлкендерге құрмет көрсету керек.
• Ұлылардың сөзін ұқпаған ұлып қалар.
• Көп сөйлеген мылжың шын сөзді аз айтады
• Түс қайта әрқайсымыз өз шаруамызға кірістік.
• Түс қайта шаруамызға кірістік.
• Күз. Айнала сап - сары. Құлазыған дала.
Қазақ халқының ұлттық зергерлік бұйымдары.
Әр халықтың өзіне тән ұлттық зергерлік бұйымдары болады. Қазақ халқының зергерлік өнері бұрынғы заманнан бері халықтың өмірімен, шаруашылығымен тығыз байланыста.
Зергелер көбінесе қыздар мен әйелдер бұйымдарын күміс пен алтыннан жасап, асыл тастармен безендірген, ал ұсталар болса, ерлердің қару – жарақтарын жасаған.
Қыз – келіншектер жасы мен отбасылық жағдайына байланысты түрлі зергерлік бұйымдар таққан. Ең көп қолданыста болған зергерлік бұйым – білезік. Білезіктің бірнеше түрі бар: алтын білезік, күміс білезік, құйма білезік, сағат білезік, топсалы білезік, бұрама білезік, қос білезік т.б.
Әйелдерге арналған әсем бұйымдардың тағы біреуі – жүзік. Жүзіктің бетіне асыл тастар орнатылып немесе түрлі – түсті әйнектерден ою – өрнек жүргізіледі. Жасалуына қарай көзді, балдықты, құс тұмсық жүзік деп аталады. Сонымен қатар мөр жүзік, құдағи жүзік, отау жүзік, қарала жүзік, ақық жүзік деген түрлері бар.
Білезікпен қатар жиі қолданылып жүрген зергерлік бұйым түрі – сырға. Оның сапасына, құрамына сай көптеген түрі болады: ай сырға, тас көзді сырға, күмбез сырға, салпыншақ сырға, сабақты сырға, шашақты сырға т.б.
Қай зергерлік бұйым болмасын қыз – келіншектердің көркіне көрік қосып, сымбатын ажарландыратыны сөзсіз. Соңғы уақытта ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, қайта жаңғыртудың арқасында ұмыт қалған ұлттық бұйымдарымыз қайта қолданысқа енуде.
Энергия – бұл адамзат тіршілігінің дамуына жағдай жасаушы және ынталандырушы бірден-бір табиғи қайнар көз. Энергия социумдар үлгісінің сақталуын қамтамасыз етеді, ол көптеген аспектілерді біріктіретін ұғым ретінде бүкіл әлем мен адамзатқа тікелей қатысты қызықты сауалдарды туындатады. Қоғамның энергия көздеріне қол жеткізуі олардың әлеуметтiк, экономикалық және экологиялық тұрақты дамуының нақты жағдайларын тiкелей түрде анықтайды. Технология саласындағы әр түрлi қуат көздерін оңтайландырумен байланысты ғылыми зерттеулер мен жетiстiктер қоғамдастықтардың функционалды тәсiлдерiн анықтап, энергетиканың тұрақты даму болашағын қалыптастырады. Астанада «Болашақ энергиясы» ұранымен өтетін ЭКСПО 2017 көрмесі кең ауқымды және барлығын қамтушы жоба ретінде ойластырылды, оның тақырыбы жан-жақты терең қызығушылық танытатын, қоғамдастықтардың тіршілігін анықтайтын және осы қоғамдастықтардағы адамның күнделікті тұрмыс-ахуалын айқындайтын фактор ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін энергия болып табылады. Болашақ энергиясы – бұл қазіргі заманның келелі мәселелеріне және болашақтағы шешімдерді болжауға қатысты міндеттерді шешуге бағытталған, ойлануға нәр беретін ауқымы кең тақырып болып отыр.