В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Nastya165567
Nastya165567
17.01.2020 20:28 •  Қазақ тiлi

Жайлма,жалан,болымсыз,жаксыз ​


Жайлма,жалан,болымсыз,жаксыз ​

Показать ответ
Ответ:
vikaberg
vikaberg
03.10.2022 10:51

Ұлттық салт – дәстүр  туралы диалог

- Мадина, сәлем, сенің қазір қолың бос па?

- Ия, Алина, бос уақытым бар.

- Ендеше саған бір бүйімтайым бар еді.

- Тыңдап тұрмын. Айта бер.

- Маған мектепке қазақ халқының ұлттық салт – дәстүрлері  жайлы хабарлама дайымдауым керек. Өзім қазақша сөйлей білгеніммен ұлттық салт - дәстүрден хабарым жоқ. Осы тапсырмаға көмектесе аласың ба?

- Әрине, көмектесейін. Қандай сұрақтарың бар, қоя бер?

- Қазақ халқының ұлттық салт - дәстүрлері жайлы жалпы түсінік беріп жіберсең?

- Әрбір халықтың өзіне тән салт – дәстүрлері, әдет – ғұрыптары, халық ауыз әдебиеті, мәдениеті, тәрбиелік ұстанымдары бар. Міне, осы асыл қазынамыз бізге ұрпақтан ұрпаққа сан ғасырлар бойы аманат ретінде ұласып, ұлттық болмысты жоғалтпай, өзгелерден ерекшелеп тұратын айна секілді. Қазақ халқының екі жүзге жуық салт – дәстүрі, сенім – ырымдары, ұлттық ойындары бар, олардың әрқайсысының тәрбиелік те, танымдық та маңызы зор.

- Қандай керемет жауап! Кейбіреулеріне толығырақ тоқтала кетсең?

- Жақсы. Халық арасында айтыстың алар орны ерекше. Айтыс – қазақ халқының ертеден қалыптасқан жыр жарысының бір түрі. Айтысқа суырып салма ақындар мен көркем сөз шеберлері қатысады. Айтыста ел басқарып отырған басшылардың кемшіліктері, сондай – ақ өмірдегі келеңсіздіктер ашық айтылады. Айта кететін бір жайт, айтыс бүгінгі күнге дейін жетіп, тәрбиелік мәнін жоғалтпаған жыр жарысы. «Атамұра – асыл қазына» демекші, осындай ұлттық дәстүр, ғұрыптарымызды сақтап, қастерлеуіміз қажет.

Ауыз тию – қазақтың ежелден келе жатқан ғұрытарының бірі. Үйге келген кісі асығыс болса да «ең болмаса нан ауыз тиіп кет, тізеңді бүк» деп айтқан. Бұл дегеніміз - қонақжайлылық пен жайсаңдық, өнегелі тәрбие бастауы. Бұрынғы заманнан-ақ қазағымның дастарханы үйге келімді - кетімді кісінің бәріне жайылып, бар тәтті осы кісілерге ұсынылған.

Байғазы – балалар мен жасөспірімдер бір жаңа нәрсеге ие болғанда жақын туыстарынан байғазы сұрайтын дәстүр қалыптасқан. Байғазы сұраушының көңілін қайтармай ақшалай, не заттай сыйлық беріледі. Бұл дәстүр бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келеді.

- Мадина, саған алғысым шексіз! Маған өте қатты көмегің тиді. Енді өзім де біліп жүретін болам!

- Оқасы жоқ. Көмектесе алғаныма қуаныштымын!

0,0(0 оценок)
Ответ:
Y563280
Y563280
03.10.2022 10:51
-Анашым, ертен менин агам уйленетин болса, тагы да бир адам отбасымызга косылады ма?
-Арине, улым, уйимизге бир жан сауледей жаркырап, уйимизге шуак шаши келетин болады.
-Женгемди кутип алу не жасайтн боласыздар?
-Ар турли салт-дастурлер орындалатын болады. Мысалы беташар, тусаукесер, бесик той жане тагы да баска дастурлер бар.
-ал беташар дегенимиз не?
-Балапаным, Беташар — қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Дәстүрлі беташар, әдетте, тойға жиналған халық тарқар кезде өткізілген.

Шымылдық ішінде отырған келіннің басына орамал жауып, той өтіп жатқан үйдің ең жақын, үлгілі келіндері екі жағынан қолтықтап алып шығады. Беташардың тәрбиелік мәні зор болғандықтан, келіншектің екі жағына тұратын әйелдер жесір, жеңілтек, т.б. болмауы қатаң ескеріледі. Орамалдың теңге түйілген ұшын домбыраның мойнына не таяқтың ұшына байлап, жырау беташар жырын бастайды. Ол шаңыраққа жаңа түскен келінге ата-енесін, үй-ішін таныстырады, қандай туысқандық жақындығы бар екенін, беделін, қадір-қасиетін шебер тілімен жеткізіп, әрқайсысына жеке-жеке сәлем жасатады. Сәлем алған адам жас келінге беретін сый-сыяпатын атайды. Мысалы, сол шаңыраққа жақын ауқатты туыстары құлынды бие, енді біреулері отауға тігетін киіз үй, т.б. берген. Дәстүр бойынша, жаңа түскен келінді беташар жоралғысы жасалмастан бұрын қыз-келіншектерден басқа ешкім көрмеген. Келіннің бетін ашушы жас келінді ауылдың ардақты адамдарына, күйеуінің ағайын-туыстарына таныстыру шумақтарын өзінше суырып салып айтуы шарт. Ол үшін жырау не ақын екі-үші күн (кейде 10 — 15) бұрын сол оттың басына келіп, дайындық жасаған. Үй иесі оның бет ашқан еңбегіне беретін сыйлығын (ат, түйе, бірнеше уақ мал, т.б.) алдын-ала атап қоятын болған. Егер оның айтқандары көптің көңілінен шықса, онда сол үйдің ең қадірлі адамы, туысы саналған. “Келіннің бетін кім ашса — сол ыстық” деген мәтел де осыдан туған.
-Ал бесиктой дегендер ше?
-Олармен уакыт откен сайын танысатын боласын. Ауызбен айтканнан, козбен коргенге не жетсин!
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота