Жазбай Берілген сұрақтарға жазбаша жауап беріңдер
1.Ақтан жас деген кім
2.Ақын Ақтан жаста кандай үміт артады?
3.Қалай ойлайсыңдар, анын үміті ақтала ма?
4. Ақын өлеңді тек Актанға арнаған ба
5. Ақын жастарға бата бере отырып, олардан қандай-
кандай үміт күтеді?
6. Ал біз кандай болуымыз керек?
7.Ақынның арманы – жастардың болашағы жақсы болу.
керектігін айту. Жаксы болу үшін не істеуіміз керек?
8. Біздің еліміздің ұлттық идеясы - Мәңгілік ел болу.
Мәңгілік ел болу үшін не істеуіміз керек?
Біздің отбасы- үлкен отбасы болып саналады. Отбасымыз он төрт адамнан тұрады. Ең сыйлы орын төрде атам мен әжем отырады. Онан соң анам мен әкем орналасады. Қалғандарымыз жасымызға қарай отырамыз. Отбасымыздағы әрбір күн біз үшін мереке. Үлкенді сыйлау, адамдармен сыйласу, үлкенге қызмет көрсету, кішіге көмектесу біздің отбасында сөзбен емес, әрдәйім іс жүзіндегі, күнделікті өміріміздегі қалыпты жағдай. Мен өз отбасымды мақтаныш етемін. Қазір біздің отбасындай үлкен отбасы кездесе бермейді.
Ас адамның арқауы.
Өте орынды айтылған сөз. Егер адам аш болса оның әлі де, көңіл күйі де, ешбір іске зауқы да болмас еді. Ал, әрдайым көңілсіз жүрген адамның жүйкесі жұқаратыны белгілі. Күші тіпті болмай, әлсірейді. Осылай денсаулығынан да айрылады. Сондықтан, уақытылы, құнарлы тағамдармен тамақтанып, ас адамның арқауы екендігін есте ұстаған абзал.
Тәтті қиял.
Менің бала күннен арманым мен тәтті қиялым – ұшқыш болу. Бұл мамандық бейне бір тылсымға толы сияқты көрінеді, себебі ұшқыштар жер мен көкті жалғап, аспан әлеміне саяхаттап, ел мен жерді ұшақ арқылы байланыстыратын адамдар. Көк аспанға көзімді тігіп, қиялдап қараймын. Болашақта асқақ арманым орындалып, мақсатыма қол жеткізу үшін бар ынта – жігерімді саламын.
Ұшқыш болу үшін жақсы білім мен қатар мықты денсаулық та керек, сонымен қатар түрлі қиындықтарға да төзімді болу керек. Ұшқыштар алыс сапарларға аттанбас бұрын бірнеше ай бойы арнайы сынақтардан өтіп, тәжірибе зауытында даярланады, өз білімдерін жетілдіреді.
Мықты денсаулық пен жақсы білім мен қатар ұшқыш болу үшін шет тілдерін де жетік меңгеру керек, әсіресе қазір барлық әлемде ағылшын тілі авиацияда кеңінен қолданылады. Сондықтан мен ағылшын тілін аса зор ынтамен оқып, үйренудемін.
Әлемнің түкпір – түкпіріне саяхаттап, отбасыма да жер жүзін көрсеткім келеді. Дегенмен, қанша шетелді аралап жүрсем де, жүрегім тек «Қазақстан» деп соғады, себебі бұл менің туған жерім. Сөз соңында Қасым Аманжоловтың «Ұшқыш болғым келеді» атты өлеңі менің ойымды түйіндей түседі:
Мөлдір тұнық көк аспан,
Сол аспанға жарасқан
Самолеттей сұңқармен,
Ұшқан құспен таласқан,
Ұшқыш болғым келеді!
Көңлі – дария, ойы – аспан,
Асқар шыңнан бойы асқан,
Ай, Күнімен аспанның
Әзілдескен, сырласқан
Ұшқыш болғым келеді! ...
Объяснение:
сойдет