Жаздың ыстық күндерінің бірінде Қармақшы ауылының No5 орта мектебінің оқушылары Алматы қаласына саяхатқа шықты. Арман және Әділ ажырамас дос еді. Олар Алматы қаласын көруді
бала кездерінен армандаған. Поезден түсе салысымен Алматының әдемілігіне балалар қатты
таңғалды. Мұғалім балаларға жолда жүру, қалада өзін ұстау ережелерін таныстырып, саяхаттары
басталып кетті. Ең алғашқы барған жерлері - қаладағы 28 панфиловшы саябағы. Саябақ Алматы
қаласының Медеу ауданында орналасқан. Балалар саябақтың тарихымен танысып, қаланың ең
көрікті жерлерінің бірі Көктөбеде орналасқан түрлі әткеншектерде сырғанады. Бұл балалардың
саяхаттарының алғашқы күні еді. Шаршаған балалар қаладағы қонақ үйлердің біріне орнығып,
ертеңгі күндерін жоспарлады.
х
Х
Бүгінгі күнде Алматы дүниежүзіндегі 25 ластанған қаланың тізіміне еніп отыр. Қаламыздың
Қазақстандағы ең лас қала аталуының басты өзекті көзі – автокөліктер, қалалық жол
полициясының деректері бойынша, дәл қазір 540 мыңнан астам көлік құралдары тіркелген.
Бұлардың қатары жылына 40 мыңға дейін көбейеді. Сондай-ақ қалаға орта есеппен күнделікті
200 мыңның шамасында автокөліктер келіп кетіп жатады. Ластағыш заттардың зиянды әсер ету
сипаты алуан түрлі: олар түрлі металдардың коррозиясын үдетіп, өсімдіктер үшін улы болып
келеді, сонымен қатар тұмша туындауының бір себебі болады, жаппай өкпе және басқа да
ауруларға ұшыратады.
2-мәтін
1-мәтін
Әңгімелеу мәтіні
се Алматы - саяхатшылар қаласы
Қажетті нұсқалар: Пайымдау мәтіні
+ Алматы қаласындағы саябақтар
+ Алматы шаһарының экологиялық жағдайы
Көктөбеге саяхат
Активация Windows
Чтобы активировать Windows, перейдите
Алматы табиғатын ластайтын факторлар
о
Бата беру — адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Дастарқан басында, түрлі жиын-тойларда, т.б. адам өмірінде кездесер ірілі-ұсақты қуаныштар кезінде той, қуаныш иесіне арнап қол жайып, бата береді. Сондай-ақ, қиын сапар, алыс жолға аттанған азаматына ақ жол тілейтін халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі. Бата беретіндер, көбіне, көпті көрген ақсақалдар мен кемеңгер де дуалы ауызды билер болып келеді. Бата қысылғанда — қуат, қиналғанда—медет беріп, әрбір іс-әрекетіңе даңғыл жол ашып, бәле-жаладан қорғайды деп есептелген. Бата көзі тірілерге ғана емес, аруақтарға да жасалған. Батасыз, тілексіз өмір болмайды. “Батамен ер көгереді, жаңбырмен жер көгереді” деп халқымыз текке айтпаған. Батаның да қисыны, айтылатын, айтылмайтын жері болады, қуаныш пен тойдың ретіне қарай, соған лайық Бата тілегі болады.
Альберт Эйнштейн, нем. Albert Einstein (14 наурыз 1879, Германия, Ульм қаласы – 18 сәуір 1955, АҚШ, Нью-Джерси штаты, Принстон) – қазіргі Германия жерінде туып өскен физик-теоретик, заманауи физиканың екі негізгі тірегінің бірі болып есептелетін салыстырмалылық теориясының негізін қалаушы (екіншісі квантты механика). Эйнштейн ғылым философиясына қосқан үлесімен танымал. Ол масса-энергия эквиваленнтілігінің формуласы E = mc2 ойлап тапқандығымен әйгілі. 1921 жылы "теориялық физикаға қосқан үлесі үшін, фотоэлектрлі эффект заңын ашқандығы үшін, кванттық теорияның дамуына қарай қадамдары үшін" физикадан Нобель сыйлығының иегері атанды. Атақты ойшыл және қоғам қайраткері, әлемнің алдыңғы қатарлы 20-ға жуық университеттерінің құрметті профессоры, КСРО Ғылым Академиясының шетелдік құрметті мүшесі.Эйнштейннің басты еңбегі — ”Салыстырмалылық теориясы”. Бұдан бөлек 300-ден астам ғылыми еңбектердің, тарих, ғылымдар философиясы және публицистика саласындағы 150-дей кітап, мақалалардың авторы ретінде де танымал. Ол бiрнеше түбегейлi физикалық теорияларды жасады:
Арнайы салыстырмалылық теориясы (1905).
Жылу сыйымдылығының және фотоэффект кванттық теориясы
Бозе Эйнштейн кванттық статистикасы.
Броун қозғалысының статистикалық теориясы, флуктуациялардың теориясына негiзін салған.
1933 жылы Адольф Гитлер билік басына келгеннен сәтте, Америкада жүрген болатын. Еврей ұлтының өкілі болғандықтан, Берлин ғылымдар академиясына, профессор болып жасап жүрген жеріне, қайта оралмаған. АҚШ-та қалып, 1940 жылы сол елдің азаматтығын алған. Екінші дүниежүзілік соғыс басталар тұста АҚШ Президенті Франклин Рузвельтке фашистерде "өте жойқын бомбының жаңа түрі" пайда болу қауіптілігін айтып, сол бағытта АҚШ та сондай зерттеулер жүргізу қажеттілігін ұсынған. Бұл хат Манхэттон проектісінің пайда болуына әкелген. Антигитлерлік коалицияны қолдаса да, жаңадан ойлап табылған атомдық бөлінуді қару ретінде қолдануды қош көрмеген. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталған соң, Эйнштейн бейбітшілікті көп насихаттауға бет бұрып, өмірінің соңын осы АҚШ-та өткізіп, сол жерде 1955 жылы дүние салған.