Жазушының әдебиетке құмарлығы қай кезден басталған? Әбіш Кекілбаев шығармаларының ерекшелігі неде? Не себепті жазушы шығармаларындағы авторлық идея өмір шындығымен байланысты деп айта аламыз?
«Әбіш Кекілбаев – заманымыздың бір заңғар тұлғасы. Кекілбаев туралы сөз айту кімге болса да, оңайға түсе қоймас» деген Қуаныш Сұлтановтың сөзін талдап Әбіш Кекілбаевтың талантты жазушы ғана емес, мемлекеттік қайраткер дәрежесіне көтерілуге оның қандай қырлары себеп болды? Пікіріңді дәлелдеп жаз. Жазушының адам өміріндегі жазудың рөлі туралы айтқан пікіріне қосылар ма едің?
Әбіш Кекілбаевтың жазушылық шеберлігі туралы ойыңды түйіндеп көріңдер
керемет ән, әуен кімді болмасын толқытып әкетеді. Алайда әннің де естісі бар есері бар демекші тәрбиелік мәні төмен, мағынасына ел түсінбес әнді тыңдағанымыз жат қылық болары анық. сол үшін құлағым бар екен деп кез келген әнді тыңдауымызға болмайды.Алайда ән тыңдаған әркімге болсын ұнайды. Халқымызда бір бала, қызылқұм,елім ай, әдемі қыз секілді өте ырғақты қайталанбас ажары бар әндер жетерлік. Мереке кезінде де қайғы кезіндеде бар эмоциямызды әнмен шертеміз. Өмірге келгн кез келген бір адам әсем ырғақты әнді естігені анық. Міне сондықтан ән көңілдің ажары
Менің арманым
Менің арманым - дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.
Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.
Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.
Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.
Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.
Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.
Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.