ЖАЗЫЛЫМ 11 -тапсырма. Ата-әжеңді, қазақ тілі мұғалімін Наурыз мерекесімен құттықта ашықхат жаз. Екі ашық хаттың мазмұнын салыстырып, олардан тілдік құралдардың айырмашылығын анықта. КЕЛ, ЖАПТАЙЫҚ! Бата Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Қайда барсаң - жол болсын! Ұлыс бақты болсын! Төрт түлік ақты болсын, Ұлыс береке берсін! Бәле-жала жерге енсін! Ұлы халқым тоқ болсын! Көйлектерің көк болсын! Қайғы-уайым жоқ болсын! Қуаныштарың көп болсын! Әумин
Менің әжемнің қолынан көп нәрсе келеді. Оның сүйікті ісі — тоқыма тоқу. Ол жас кезінен жүн түтіп, ұршық иіріп, кеудеше, қолғап, т.б. бұйымдар тоқып үйренген. Сол өнерін маған да үйретті. Сонымен бірге іс тіккенді де жақсы көреді. Әжемнің шашы ұзын, бұрымын өзі жақсы қылып өріп алады. Әжемнің сүйікті тамағы — қазақша ет. Оның иісін бұрқыратып өзі асқанды жақсы көреді. Сүйікті сусыны — қымыз, шұбат, шай.
Менің әжем қазақ ауыз әдебиетінін көптеген ертегілер, аңыздар біледі. Кішкентай кезімде өзге әжелер сияқты маған да ертегі айтып ұйықтататын. Ол пайғамбар жасынан бері намаз оқиды. Бізге әрдайым ақыл-кеңесін айтып отырады. Мен әжемді өте жақсы көремін. Асыл әжеме ұзық ғұмыр тілеймін.