1Көшпенділер— көшіп-қонып тіршілік ететін, негізгі кәсібі – мал-шаруашылығы болып табылатын халықтар. Кейбіреулері аңшылықпен, ал әлдебір оңтүстік-шығыс Азия теңіз көшпенділері балық аулаумен ауналыс-қан/-ады. Көшпенді ұғымы кезінде егінші, балықшы секілді отырақшы халықтарға салыстырмалы айтылған. Бірақ өнеркәсіп төңкерісі, әсіресе ақпарат ғасырының басталуы отырақшыны да, көшпендіні де дәстүрлі шарушалық, тұрмыс формасынан ажырата бастады. ХХ ғасырдан бастап Көшпенділер саны қатты құлдырады. Қазір әлемде шамамен 30-40 млн көшпенді бар делінеді.[
2 нің жауабы бағанағы суретте берілген
3Қазақстандағы тайпалық одақтар (б.з.б. 7 – 4 ғасырлар) – қазақ жерінде құрылған алғашқы мемлекеттік бірлестіктер. Қола дәуіріндегі бақташы тайпалар б.з.б. 1-мыңжылдықтың басында қоғамдық құрылымның ескі рулық түрін алмастырды. Бұлардың қалыптасуына өндіргіш күштердің сол заманға сай дәрежеде мықтап өсуі себепші болды, ал өндіргіш күштер халықтың жартылай көшпелі және көшпелі мал шаруашылығына көшуіне, қола металлургиясының дамуына, темір өңдеудің жаңа әдістерін игеруге байланысты өсті. Мал жайылымдарын тиімді пайдаланып, оларды жеке ру-тайпалық топтарға бөліп берудің экономикалық қажеттігі, сондай-ақ өзінің малы мен жайылымдықтарын қорғауға ұмтылу туыстас тайпаларды тайпалық одақтарға бірігуге мәжбүр етті. Жеке отбасылық меншіктің ұлғаюы негізінде мүліктік теңсіздік күшейіп, әскери ақсүйектер тобы бөлініп шықты. Олар экономикалық және әскери жағынан неғұрлым күшті тайпалық одақтарды біріктіруші күш болды. Біртұтас одаққа кірген тайпалар мәдени-шаруашылық жағынан өзара жақындаса түсті, соның нәтижесінде материалдық және рухани мәдениеттің бүкіл тайпалық одақ үшін ортақ үлгілері жасалды.
А.
Авеста көне заманғы қолжазбасынан 12-ші бөлімі.
Б.з.б. 1-мыңжылдықтың орта шенінде қазіргі Орталық Азия мен Қазақстан жерінде сақтар деп аталатын бірнеше тайпалардың қуатты жауынгер одақтары мекендеді. Ассирия деректемелерінде сақтар туралы алғашқы мәліметтер б.з.б. 641 – 640 жылдары айтылады. Ал Заратуштраның “Авеста” жинағында бұлар “турлар” деп аталған. Ежелгі грек тарихшысы Геродот және басқа да көне заман тарихшылары оларды “Азия скифтері” дейді. Бұл атау грек тарихшыларына жақсы таныс Солтүстік Қара теңіз өңірі мен Алдыңғы Азияның көшпелі скиф тайпаларына байланысты айтылған. Ахемен әулеті кезеңіндегі сына жазуларында олардың үш тобы туралы сөз болады: хаумаварга-сақтар (хаом сусынын қайнататын сақтар), тиграхауда сақтар (шашақ бөрікті сақтар), парадарайя (теңіздің арғы бетіндегі сақтар). Алғашқы екі топ туралы Геродот та айтады, бұларды ол амюргия сақтар және ортакарибантия сақтар деп атаған. Бірқатар зерттеушілердің пікіріне сенсек, тиграхауда (көне деректерде массагеттер) мен хаумаварга сақтардың солт-тегі шекарасы Қазақстанның оңтүстік аймақтарын, батыста Арал-Каспий алабынан, шығыста Жоңғар Алатауына дейінгі жерлерді қамтыса, парадарайя сақтары Арал өңірінде, Сырдария мен Әмударияның төменгі ағысында немесе Қара теңіздің теріскей бетінде қоныс тепкен.
А.
Донецк қаласындағы скиф мүсіні.
Сақ тайпалық одағының құрамына өзімен туыстас исседондар, аримаспы, т.б. көптеген тайпалар кірген. Геродоттың болжауынша, исседондар Орталық Қазақстан далаларында немесе Оңтүстік Жайық өңірі мен Батыс Қазақстанды, ал Солтүстік-шығыс Қазақстанды аримаспы тайпалары мекендеген. Сырдарияның төменгі бойы мен Арал маңын, Каспий теңізінің шығыс жағалауын дайлар (“Авеста” және Ксеркс жазбаларына сәйкес) қоныстанған. Батыс Қазақстанның Орал – Ақтөбе далаларын басқа, яғни савромат бірлестігіне кірген тайпалар иемденген. Бір ескертетіні, көшпелі өмір салты және көптеген мемлекеттер жеріндегі соғыстарға белсене қатысуы себепті тайпаның нақты мекендеген жерін жазбаша құжаттардың мәліметтері бойынша дәл анықтау қиын. Археологиялық зерттеулер сақтардың, массагеттердің, дахтар мен савроматтардың материалдық мәдениетінде айтарлықтай ортақтық (тұрмыстық керек жарақтардың ат-әбзелдерінің, қарудың, т.б. ұқсастығы) бар екенін айқын дәлелдеп береді. Сөйтіп жазбаша деректемелер бойынша б.з.б. 7 – 4 ғасырлардағы Қазақстан аумағында оның Оңтүстік-шығыс және орталық аудандарын мекендеген тайпалардың көбі сақ тайпалық одағына, ал оның батыс және ішінара солтүстік аудандарындағылары савромат тайпалар бірлестігіне кірген. Б.з.б. 4 ғасырдың аяқ шенінде қоғам өміріндегі шаруашылық және саяси өзгерістердің нәтижесінде бұл одақтар неғұрлым күрделі құрылымдарға – Үйсін және Қаңлы тайпалық одақтарына орын берді.[1]
1.Буробой ұлттық паркі 2000жылы құрылды.Көкше жеріндегі Боробой өңірінің табиғаты өте әдемі.Буробой суы жұмсақ мөлдір ортасында Жұмбақтас аралы бар.Төңірегінде Буробой курорты орналасқан.Оқ жетпесте осы жерде орналасқан.
2.Көкшетау-қарағайлы ну ормандар мен көптеген көлдер орналасқан табиғаты өте әдемі жер.Көкшетау өңірінде Көкшетау және Шученск қалалары орналасқан. Аймақ әдемі табиғатымен қатар кен орындарынада бай.Мұнда алтын,күміс,уран т.б кендер шығады. Қайыңды-қарағайлы ормандар,таулы тастар,өзен көлдер көкше жеріне әсем көрік береді.