В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
жыландыыыы
жыландыыыы
24.09.2022 11:16 •  Қазақ тiлi

ЖАЗЫЛЫМ 13
-тапсырма.
«Ұлы Жібек жолы» тақырыбында өтілген материалдарды INSERT оқыту стратегиясы
бойынша талдаңдар. Ақпаратты немесе тапсырмаға төмендегі белгілерді қойыңдар. Өз
ойларыңды қорытынып жазыңдар.​

Показать ответ
Ответ:
annasolovey63
annasolovey63
19.02.2021 09:10
                          Менің анам
--Сенің анаң қандай адам?
--Менің анам, мен үшін ең асыл, ардақты жан.Менің анамның жаны ерекше нәзік ,анам аса сезімтал жан.Анамның көздері әрқашанда күлімсіреп тұрады.
--Сенің анаң қайда жұмыс істейді?
--Менің анам мектепте бастауыш сыныптарына сабақ береді.
Менің анам еңбеқкор адам.
--Сен анаңа көмектесесін бе?
--Мен анамды сыйлаймын, анама көмектесемін
--Ал сенің анаң қандай адам.?
--Менің де анам ардақты мейірімді жан.Менің анамның жүрегі уайымшыл нәзік.Анам менің қамқоршым, ақылшым, бақытым.
--Сенің анаң қайда жұмыс істейді?
--Менің анам дәрігер.Менің анам қайратты жан.Мен өзімнің анамды жақсы көремін ,сыйлаймын,-
--Досым, біз ең бақытты баламыз. Біздің асыл, да ардақты аналарымыз бар.Анасы бар адамдр  ең бақытты 
0,0(0 оценок)
Ответ:
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. Соның ішінде қыс мезгілі де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. Бұл мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды.Қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. Әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. Бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. Дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. Қолдарына шана сүйреген балалар, жүздері күлкіге толы адамдар барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады.Даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. Алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. Басында қашанда қар жататын қарт Алатау ару Алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. Ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан Алатау қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін!Қыс мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - Жаңа жыл. Сірә, бұл мейрамды еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. Бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. Барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. Қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. Осындай естен кетпес оқиғаларға толы қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар. Қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота