ЖАЗЫЛЫМ 1
8-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құрастырып, жаз.
Астанада ауқымды шетелдік жылы атты жобаны инвесторлар кеңесінің
25 Нұрсұлтан Президенті Қазақстан Назарбаев 2012 отырысында «Жаңа
Жібек жолы» жариялады. 2. Елбасы өзінің жаңғыртып, Онда Қазақстан
Орталық рөлін қайта туралы Азия аймағында транзиттік ірі іскерлік ең және
хабқа айналуы айтты. 3. Күрделі атақты Гобби шөлін асуларды, қалдырған
керуен алты артта жер ұзындығы шақырым мың жүрген. 4. Форумда кедер-
гілер аймақтық туралы дамытудағы сөз туризмді болды.
a
Олыг
АЙТЫЛЫМ
Денсаулық жақсы болу үшін не істеу керек?
Денсаулық - адам өміріндегі баға жетпес құндылық екені ешкімге де құпия емес. Сондықтан денсаулықты қолымыздан келгенше сақтап, шымыр болуға тырысу керек. Жалпы мен өз басым денсаулықты сақтау үшін не істеймін? деген сұраққа жауап беріп көрейін.
Жаңа жыл басталысымен мен өз - өзіме «дәл бүгіннен бастап спортпен шұғылданамын және денсаулығымды күтемін» деп уәде бердім. Себебі, «еріншектің ертеңі бітпес» дегендей, спортпен шұғылдануды ертеңге қалдыруға болмайды. Спорт денсаулық кепілі болғандықтан, өз денсаулығымызға немқұрайлы қарамауымыз керек және әрбір адам жасы мен жұмысына қарамастан денсаулығына көңіл бөліп, спортпен шұғылдану керек деп ойлаймын.
Өз басым күнделікті спортпен айналысуды күн тәртібіме кірістіріп қойдым, таңертең бір мезгіл жүгіріп, кешке арнайы жаттығулар жасамақпын.
Спортпен шұғылданудың арқасында денім сау, ал өзім шымыр боламын.
Біраз уақыт жаттығып алғаннан соң мәнерлеп сырғанау үйірмесіне жазылғым келеді. Себебі, менің сүйікті спорт түрім – мәнерлеп сырғанау. Бұл спорт түрінде спортшы конькимен сырғанап, музыка сазына сәйкес әсем қимыл жасайды. Мәнерлеп сырғанаудың жекелей, жұптасып, топтасып сырғанау және мұздағы би түрлері бар. Мен жекелеп сырғанау бағытын таңдағым келеді, сонымен қатар музыкаға икемім де бар, жаттығу маған қиын болмайды деп ойлаймын.
Денсаулық баға жетпес құндылық болғандықтан, біз салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулығымызды күтуіміз керек. Сонымен қатар, соңғы уақытта дұрыс тамақтану да өзекті болып отыр. Бұл да оң өзгеріс деп санаймын.
Сонымен мен өз-өзіме денсаулығымды күтіп, спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтануға уәде бердім.