Қазіргі техника дәуірінде адамның күнделікті өмірі компютермен өтеді. Оны ешкім жоққа шығара алмайды. Компютерге отырған кезде адам жай ғана отырмай интернет пайдаланады. Қазір интернеттен өзіңе керектінің бәрін таба аласын. Тіпті, интернетте отырып-ақ өзіне керектіні сатып алуыңа болады (киім, тамақ,әшекей-бұйымдар т.б.). Әрине, бұл өзіңе пайдалы. Бірақта әрбір заттың өз уақыты, өз орны болу керек емес пе? Ал қазіргі жастар күні-түні сол монитордың алдында отыруға бар. Ол бір жағынан денсаулыққа әсер етеді, ал бір жағынан санаға әсер етеді. Кейбіреулер айтып жатады интернетке отырсаң бәрін білесің, бәрінен хабардар болып отырасың деп, ол да дұрыс бірақ ол адамның өзіне байланысты. Ол жақсы бірдеңелер біліп жатама немесе ойын ойнап, агентте отырама. Мысалы, қазіргі ата-аналар интернетті балаларына қосып беріп жатады. Өзі білмесе де баламның көзі ашық болсыншы, білсін, оқысын деп. Ал бала болса құр ойнаумен уақытын өткізеді. Ал сабақ жайында қалады.
Қыс. Барлық адам бұл кезде үйді-үйлеріне жетуге асығып, қыстың ертегідей сұлулығын байқамайды. Үйге барсам жұмысқа, жұмысқа келсем үйге асығып отыратынымның себебі не екен? Мүмкін тоңғанды қаламайтын шығармын, ал мүмкін бұл мезгілдің кереметтігін жаныммен сезініп, түнгі Алматының ару жүзін көруге асығармын. Ақ мамыққа оранған саябақтарында серуенге шығудың өзі – поэзия. Әсіресе жалғыз. Сол, балалық шақтағы апамның айтқан пеш түбіндегі ертегілер шығар? Сол ертегілердің кейіпкері болып, таңғажайып қиял әлеміне еніп кеткен сәттерімді сағыну шығар? Әйтеуір, Жаңа жыл келгенше бір ғажапты күтемін де жүремін. Кейде ойлаймын, неге тез есейдім деп. Мамыражай сәттерде, майшамның жарығымен қабырғаға әр түрлі жануардың бейнесін салып, оны бір-бірімізге көрсетіп отыратын көңілді кештер-ай. Пештің сексеуілді қыздырып, гүрілдеп тұрған сәті ол кезде бір құбыжықтай көрінетін. Құрақ көрпеге тығылып алып, ертеңгі күнді ертегі әлемдей елестетуші едік-ай. Әжем қыс туралы қиял әлемім сақталған әңгімесін өзімен бірге әкетіпті. Кейде әжеме ренжимін...