Жазылым 4-тапсырма Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып, көшіріп жаз. (Вместо точек вставь нужные окончания)
Қазақ жерінде көптеген көне қала бар . Қалалар үсімен керуен өткен.
Бұл жол Қытайдан Еуропаға жібек тасыған. Бүгін де Түркістан туристер көп
Достық-адамдардың бір-біріне адал ,қалтықсыз сеніп,бір мүдделі,ортақ көзқараста болатын қасиет. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп ,өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос- жарандардың мінездері әртүрлі болып келуі мүмкін.Мысалы біреуінде қызбалык пен шабындық,екіншісінде тұйықтық пен жігерсіздік байқалса да ,бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық,екі жүзділік ,өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды.Қазақтын дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет.Достық бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтың құндылық.Дос табу оңай ,ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап , берік сақтау керек. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.