Осы елдің бұрынғы ел басшылары неру мен индира ганди отбасыларында жеке жұлдызшылары болған. xv ғасырдағы француздың жұлдызшысы / сәуегейі, болжаушысы / м. / 1503 – 1566 / болса 2237 жылды, ал м. xiv ғасыр бұрын өмір сүрген майқы би бабамыз жұлдызға қарап тұрып, алдағы 4000 жылдық өмірді болжаған.жұлдызшылық қасиет – тектік тұқым қуалайтын сирек кездесетін киелі қасиет. жұлдызшылар өз құпияларын сыртқа жария етпейді, өзіндік оқуы, шешімі, таралу тамыры және әрбір жұлдызшыға тән аспан әлемін бақылау шеберлігі болады. ертеде халық жұлдызшыны – санақшы, болжағыш деп атаған. жұлдызшылар құрғақшылық кезеңде аспаннан жаңбырда жауғызудың құпиялық сырын да меңгерген. үндістанда өміріне байланысты жұлдызнамалық ілім сақталған.
Аспандияр: Бүгін әдеттегіден ұзақ сабақ оқып отырған сияқтысың. Қиын болып жатыр ма?
Еркебұлан: Жоқ, қиын емес, керісінше қызығып кетіп, уақыттың қалай зымырап өтіп кеткенін байқамай да қалыппын.
Аспандияр: Сонда қай сабақты оқып отырсың?
Еркебұлан: Тарих сабағын оқып отырмын.
Аспандияр: Сонда қандай қызықты мәлімет білдің?
Еркебұлан: Ежелгі сақ халықтарының атақты әйел патшаларының бірі Томирис (Тұмар ханша) жайлы оқып отырмын. Анасы ерте дүниеден озып, әкесінің тәрбиесінде болған екен. Кішкентай күнінен әкесімен бірге еріп жүріп, талай рет жаудан да қашып құтылған. Бес жасынан асау атқа мініп, қолына кішкене семсер ұстап, соғыс өнерінің егжей – тегжейін үйрене бастайды.
Аспандияр: Ия, тарих сабағы тұнып тұрған мәлімет қой. Ал сен Томирис патшайымның тарихқа енуінің бір себебін атай аласың ба?
Еркебұлан: Әрине. Әйгілі «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсының әйгілі патшасы Кирмен шайқасын атауға болады. Жазба деректерге сүйенсек, Кир патша көптеген елдерді жаулап алып, «Азия әміршісі» деген атаққа ие болып, сақтарға қарсы жорыққа шығады. Шайқастардың бірінде Кир патшасы Томиристің жұбайы Рустамды өлтіріп, Тұмардың баласын қолға түсірген. Тұтқында Томиристің ұлы мерт болады. Ал Кир көшпенділер еліне елші аттандырып, олардың ханшасына өзіне тұрмысқа шығуын сұрады. Ал Томирис болса, ұсынысты қабылдамай, оның қанға тоймас басын қанға тұншықтыруға уәде береді. Ақыры, ұрыстардың бірінде жеңіске жетіп, Томирис Кирдің басын шауып алып, қан толтырылған сабаға тығып, «Аңсағаның қан еді, іш енді соны!» – деп айқайлаған көрінеді.
Аспандияр: Жарайсың! Сабақты жақсы меңгерген екенсің.
Томирис (Тұмар ханша) туралы диалог.