ЖАЗЫЛЫМ 4-тапсырма.
Мәтіндегі қою қаріппен жазылған
сөздердің аудармасын сөздіктен
қарап, дәптеріңе жаз. Сілтеу
есімдіктерін теріп жаз.
Бүкіл Еуразияның байтақ даласын күн шуақты, алтынды аң тәсілді өнерімен көмкерг
сақтар кейінгі ұрпағы мақтанарлықтай өлмес мұралар қалдырды. Соның бірі - әлемді елең
еткізген, біртума ескерткіш - Есік қорғанынан табылған Алтын адам Обада жерленген
мәйіттің басынан аяғына дейін алтынмен апталған. Киім киісіне қарағанда, оның патша
сарайының мүшесі не тайпаның көсемі екені байқалады. Алтын адамның киімі - әлемде
теңдесі жоқ, адамзат тарихындағы ғажайып өнер туындысы. Қазіргі таңда Қазақстан
жерінен жеті алтын адамның табылуы - әлемдік сенсация! Ол бұйымдардың жасалу
технологиясы әзірге құпия күйінде қалып отыр. Бұлар - құнды археологиялық олжа ғана
емес, көшпелілердің жоғары мәдениеті мен тарихының белгісі! Бұл мұра - ұлттық тарих пен
мәдениеттің алтын тұғыры.
Сақтардың Қазақстан аумағындағы ғана емес, Еуразия құрлығындағы ең көне
мемлекеттігінің (б.з.д. VIII ғ.) жәдігерлері. Шілікті даласында зерттелді. Ұзын саны 200-ден астам
сақ-үйсін мәдениетінің ескерткіштері табылған бұл жазықта сақ патшаларының қырықтан
астам обасы бар. Соңғы кезде үш ірі патшаның обасы зерттелді. «Бәйгетөбе» деп аталатын
обадан алтын киіммен жерленген ертедегі сақ патшасының мүрдесі ашылды. Оба ерте
заманда-ақ тоналып кеткен екен. Тоналғаннан қалған алтын түймелер, қаптырма әшекейлер
мен зергерлік бұйымдар саны 4000-нан асады.
Извините можна по украински