Ел үшін жанын қиған батырлардың, өзегін өкініш өртеген жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің тірегі болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан! Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы сәттерімен есте қалды. Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың аяқталғанына 70 жыл толды. Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты соғыстың қасіреті де ұмытыла қоймайды.
Тіл – халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, мақтан тұта білуі керек. Өйткені халықтың даналығы, жырлары, шежіресі сол халықтың тілінде жазылады. Тіл – қай ұлтта болса да қастерлі, құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл – халықтың жан, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі. Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Менің ана тілім – қасиетті қазақ тілі. Қазақ тілі түркі тілдердің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. "Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқынын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына",-деп Жүсіпбек Аймауытов ағамыз жазғандай, жерін, елін сүйген әрбір азаматтың ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Бала өмірге келгеннен бастап, өз ана тілінде сөйлеп, ана тілінде білім алып, жалпы ұлттық тәрбие алуы керек деп ойлаймын. Себебі өз ана тілінде сөйлеу оған деген көзқарас ең зор адамшылық, мәдениеттілік, тәрбиелілік өлшемі болып табылады. Тіл – ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – оның ана тілі. Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, "мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы"деген болатын. Ана тілі – алтын қазына, ана тілін қадірлеу, беделін нығайту біздің парызымыз.
Объяснение:
1 тапсырма
1.Сарыарка Казакстаннын улан жайрак жерин алып жатыр
2.тапсырма
Бухар жырау, Каз дауысты Казбек, Шоже, Шашубай, Доскей, С.Сейфуллин, К.Аманжолов, А.Чижевский, Е.Бокенов, Т.Аубакиров
3 тапсырма
Вариант С
4 тапсырма
а) керемет , адеми, жаксы
в) сазгер, орындаушы, куйшi
с) елине, халкына, жерине
5 тапсырма
4
2
1
3
6 тапсырма