ЖАЗЫЛЫМ 6-тапсырма. «Анама хат». «Адамның сырт келбеті
мінезі» тақырыбы бойынша алған білімдерің мен үйренген дағдыларыңды
жинақтап, анаңа хат жаз. Хатта өзіңнің мінезіңе, үйдегі қылықтарыңа
байланысты анаңмен сырласуға тырыс. Ол кісінің саған берген тәрбиесіне
алғысыңды білдір. Қателіктерің болса, ашық мойындап, ендігі жерде не
істейтініңді айт. Жетістіктеріңді айтуды да ұмытпа. Соның барлығында
ата-анаңның сіңірген еңбегі барын жеткіз. Хатта дерексіз зат есім,
сын есім сөздерді, синоним, антоним, омоним, көп мағыналы сөздерді
қаншалықты қолданғаныңды тексер.
Ана болу – бүкіл өміріңе жететін ұлы рухани тылсым күш және ерен еңбек. Өз баласын бағып қағуда ана өзін-өзі ұмытып барлық күш-жігерін сарқа жұмсайды. Ананың балаға деген мейірімі арқылы бала қызығушылықтары оянады, жүрегі мейірленеді.