В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
aftorik
aftorik
30.01.2021 15:22 •  Қазақ тiлi

Жазылым 8-тапсырма(42-бет) Кеңес,даңқ, ниет, құда болу, көшіп кету, жетім бала тіркестерін пайдаланып, сөйлем құра.

Дескриптор: Өз ойын дәлелдеп айтады ( )

Показать ответ
Ответ:
Лееееешаааа
Лееееешаааа
29.06.2022 18:41
Өткен заманда бір бай болыпты, ол бір перзентке зар болыпты, зарыға жүріп перзентті болыпты. Бай бір күні жылқысын суара көлге келсе, көлдің ішінде бір қып-қызыл өкпе жүзіп жүр екен. Байдың айдап келген жылқылары көлдегі жүзіп жүрген өкпеден үркіп, суға жуымайды. Әлгі жерде бай жылқыларын қанша айдаса да, суға жаба алмайды. Сол кезде бай тұрып судағы жүзіп жүрген өкпені құрықпен түртіп көреді. Өкпе суға батып кетіп, әлден уақыттан соң жалмауыз кемпір болып судан шығады да, байдың жағасынан ала кетеді. Бай көзі алақандай болып, қорқып кетеді. Бай жалмауыз кемпірге: - Ат басындай алтын берейін, қоя бер, - дейді. Жалмауыз кемпір жібермейді. - Осы жылқыларымның бәрін берейін, қоя бер, - дейді. Кемпір көнбейді. Кемпірден сасып: - Енді не берейін? - дейді бай. Кемпір: - Жалғыз балаңды бер, жіберейін, - дейді. Бай жалғыз баласын бермек болады, кемпір байды қоя береді. Кемпір байға: - Балаңды қай жерде бересің? - дейді. Сонда бай: - Ертең көшемін, сонда баламның алтын сақасын жұртқа тастап кетейін, сен жұртта сол сақаның жанында отырасың, - дейді. Сонымен бай жалмауыз кемпірге уәдесін беріп, жылқыларын айдап кетіп қалады. Ертеңінде көшеді, жалғыз баласының алтын сақасын ұмыттырып жұртқа тастап кетеді. Ауыл жаңа қонысқа көшіп барады. Асық ойнайын десе, сақасы жоқ, бала алтын сақасын жоқтап, жылайды. Сонда әкесі: - Кеше көшіп жүргенде жұртта қалыпты. Барып алып келе ғой, - дейді. Бала бармақшы болады да, әкесінен: - Әке, қандай тайға мініп барайын? - деп сұрайды. - Жылқышыдан сұрап мін, - дейді бай. Жылқышы балаға: - Құрығыңды құлдыратып, жүгеніңді сылдыратып, жылқыға бар. Қай тай бетіңе қараса, соны мін, - дейді. Бала құрығын құлдыратып, жүгенін сылдыратып, жылқыға келсе, шеттегі бір қотыр тай балаға қарай қалады. Бала сол қотыр тайды ұстайды да, жүгендейді. Жүгендегенде тайдың қотыры жазылады. Үстіне тоқым салғанда, құнан болады. Үстіне ер салғанда, дөнен болады. Айылын тартқанда, бесті ат болады. Бала үстіне қарғып мінгенде, тұлпар болып, көзді ашып-жұмғанша жұртқа жетіп келеді. Жұртқа келсе, алтын сақасы ошақ басындағы тезек түбінде жатыр екен. Сақа жанында бір кемпір отыр екен. Бала кемпірге: - Шеше, анау жатқан сақамды алып берші! - дейді. Сонда кемпір: - Шырағым, өзің түсіп ал. Кәріліктен отырсам - тұра алмаймын, тұрсам - отыра алмаймын, - дейді. Сонда бала: - Мен жастықтан түссем - міне алмаймын, мінсем - түсе алмаймын, - дейді. Сонда баланың тайы сақаның жанына жата қалады. Бала үзеңгіден аяғын суырмай, сақаны іліп алады. Тай тұра қашады. Жалмауыз кемпір тұра қуады. Бала қашып келеді. Әрі-бері қуып жете алмайтын болған соң кемпір бір тісін жұлып алып, атып жібергенде тайдын бір аяғын жұлып түсіреді. Тай үш аяғымен қашып, жеткізбейді. Кемпір тағы бір тісін жұлып лақтырғанда, тайдың тағы бір аяғы жұлынып түседі. Тай екі аяғымен шауып бара жатып, жолында бір бәйтерекке кез болады. Тай әлсірейін дейді. Терек жанына бара бергенде, бала тайынан секіріп түсіп, бәйтеректің басына шығып кетеді. Жалмауыз кемпір бәйтеректің түбін кешке дейін қазады. Бір кезде бір қызыл түлкі келеді де, кемпірге: - Шеше, шаршаған екенсің, мен қаза тұрайын, сен ұйықтап демал, - дейді. Кемпір жатады. Түлкі тісті суға атады да, қазған шұқырды қайта бітеп, өзі кетіп қалады. Кемпір тұра келсе, тісі де жоқ, түлкі де жоқ. Кемпір тағы бір тісін суырып алып, кетпен қылып, бәйтеректі каза береді. Бір уақытта тағы да бір түлкі келіп: - Шеше, кетпеніңді маған бере тұр, сен шаршаған шығарсың, мен қазайын, - дейді. Сонда жалмауыз кемпір: - Сен кетпенімді алып қашып кетесің, - дейді. Сонда түлкі: - Ол қырдың қызыл түлкісі, мен сайдың ақ түлкісімін. Баяғыда бұл баланың әкесі аң аулап жүргенде мені қуып, соға жаздаған болатын. Сондықтан бұл балада менің кегім бар, - дейді. Жалмауыз кемпір түлкінің сөзіне сеніп, тағы да кетпенді түлкіге беріп, өзі ұйқыға кіріседі. Түлкі тағы да кетпенін суға лақтырып жібереді де, шұқырды бітеп, өзі қашып кетеді. Кемпір тұрса, тағы да кетпені де жоқ, түлкі де жоқ. «Алда, ойбай-ай, алдаған екен ғой» деп, тағы да бір тісін суырып кетпен қылып, бәйтеректің түбін қаза береді. Сонда кемпір аузын ашса, бір-ақ тісі қалыпты. Кемпір бәйтеректің түбін қаза-қаза құлатуға жаақындайды. Бір заманда баланың төбесінен бір топ қарға өтеді. бала қарғаға: - Ау, қарғалар, қарғалар, қанатымен жорғалар. Жайлаудағы бес төбетіме хабар айта кет, мені жалмауыз кемпірден арашалап алсын, - дейді. Сонда қарғалар «қарқ-қарқ» етіп ұшып кетеді. Бір мезгілде үйректер төбеден ұшып өтеді, бала оларға да айтады. Олар да үндемей ұшып кете береді. Бір мезгілде бір қарлығаш бәйтеректің төбесінен әрлі-берлі ұшып жүреді де, баланың төбесіне келіп қонады. Бала қарлығашқа жылап тұрып, бұған да тапсырады. Бұрын бала қыстауындағы ұя салған қарлығаштың балапандарына тимей, бұларды жақсылап өсіріп, ұшырып жібереді екен. Сондықтан бала қарлығашпен дос екен. Сонымен, қарлығаш баланың төбеттеріне тапсырғанын айтып барады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
doagetonya
doagetonya
29.06.2022 18:41
Қалай мен тамақтынамын .Әр адамда тамақтану режимы болады.Егер ол режим болмаса адамда асқазан ауруы пайда болады.Менде тамақтану ережесі бар:тамакта коректы зат мол болу керек,оған витаминдер,дәрумендер қосу керек,санитарлық-гигиенаға сай норма болу керек және ең негізі тамақ ішер алдында қолды сабынмен дұрыс жуу.Мен күніне 3-4 рет тамақтанамын,өйткені адам асқазанында тамақ 4 сағаттан кейін корытылады.Күніне 1-2 рет  тамақтану өте зиянды.Қорытындылап айтқанда мен денің сау болу үшін дұрыс тамақтану керек.
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота