ЖАЗЫЛЫМ 9-тапсырма. Б. Сүлейменовтің «Күннен келген адам» атты шығармасы
мен Мағжан ақынның өлеңінде қандай ұқсас ойлар бар? Пікір
алмасыңдар. Сөзді бастау, жалғастыру, аяқтауға қатысты сөз орамда-
рын (сәлеметсіңдер ме, өте жақсы, менің ойымша, мен де құптаймын,
ойың өте қызық екен, маған ұнады және т.б.) қолданыңдар.
Ұстаның өрісі көрігінен төсіне дейін.
Алтын менен күмістіЗергер үшін жаратқан.
Арқар менен құлжаныМерген үшін жаратқан.
Шебердің инесі де алтын,Соққан күймесі де алтын.
Шеберді саусағы асырайды.
Еріншектің ертеңі бітпес.
Жатқанға жан жуымас,Жалқауға мал құралмас.
Еңбек, еңбекқорлық
Құс қонбаған көл жетім,
Ел қонбаған жер жетім.
Еңбексіз өмір жоқ,Ауырсыз жеңіл жоқ.
Қойшыны таяғы асырайды,Қасқырды аяғы асырайды.
Атан түйе жүк астында қартаяр.
Түйір нан – тамшы тер.
Сен істі сүйсең, іс саған бас