В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
1AnastasiaP
1AnastasiaP
06.05.2021 12:36 •  Қазақ тiлi

ЖАЗЫЛЫМ 9-тапсырма. «Түсіндірме сөздікті» пайдаланып, мәтіндегі
қарамен жазылған сөздердің мағынасын анықта. Сол сөздердің синонимін,
антонимін тап.
Көмектесіңші осыган​


ЖАЗЫЛЫМ 9-тапсырма. «Түсіндірме сөздікті» пайдаланып, мәтіндегіқарамен жазылған сөздердің мағынасын

Показать ответ
Ответ:
андрейка41
андрейка41
21.12.2020 15:57

Драма Бұл туынды драма болғандықтан кейіпкерлердің сөйлеген сөздері мен іс-қимылдары интонация мен сезімге толы болып табылады. Басты кейіпкер - Қамажай, алдынан шыққан қиыншылықтарды көтере білген, бауырларына қамқор жан туралы айтылады. Драмада Қамажайдың өмірге құштар жан екенін байқаймыз. Ата-анасынан жастай айырылған ол - өз өмірін тек бауырларына арнаймын деп жеке өмірі жайлы ойлауды қояды, оны Қабен атты жігітке " Қабен ол...ол қиын сияқты, бауырларымды қиып тастай алмаймын, олар әлі мен үшін бала, өздігінен өмір сүретініне күмәнім бар..." деп ұсынысына кері жауап қайтарғанынан білеміз. Драмада Ремаркалар тобының аздығы (Ремарка - қысқа түсіндіру түрінде келетін автор сөзі) бірден көзге түседі. Сондықтан Шығарма шиеленісті түрде жазылған, әрі терең философиялық мағынаға ие. Көп адамның сұранысын тудыратын шығарма.Драма шиеленісті оқиғадан басталып одан әрі өрбиді. Алғашқы оқиға Темірбектің өзінің құрбысын, нақтырақ айтқанда болашақ жарын үйіне қонақ ретінде әкелуден басталады. сол кезде Нәзиләнің бір ауыз сөзінен үйде ұрыс шығып Гауһардың ренжіп кетуімен аяқталады. Жалпы шығармада Қамажай өте сыпайы, мейірімді адам жан-жақтан келген қыспақтардан соңында ауруға шалдығады. Қабденнің Қамажайға жасаған ұсынысы тосыннан болғандықтан, ол ойланбай жауап береді. Бірақ жүрегінде өте үлкен сезімді жасыра алмайды. Кәмила өзінің баласын алдырып тастағандықан, Қамажай оны шапалақпен тартып жібереді. Оған ашуланған Темірбек үйінен кетіп қалады. Қамажайдың шарасыздығы сонша келінінен кешірім сұрауға дейін барады... Бірақ соңынан Темірбек бұл ісіне өкініп, кешірім сұрап келеді. Жалпы шығарма оқиғаға толы, қызықты болып келеді.Қамажай - басты кейіпкер. Омардың, Темірбек пен Ермектің әпкесі. Мінезі жағынан қамқор, қарапайым, бауырмал, әрі мейірімді кейіпкер.

Объяснение:

Омар - Қамажайдың інісі. Мамандығы жағынан ғалым, философ, көбіне ғылыми тілде сөйлейді, бірақ жаны ізгі жандардың бірі, сыпайы, адамгершілігі мол, көзілдірік тағады, бойын ашуға билетпейді, көп сөйлегенді ұнатпайды, білімді, жаны ғылымды сүйеді, лақап аты - Ом.

Темірбек (Тимур) - Қамажайдың інісі. КамАЗ-да бригадир болып жұмыс істейді. Тікмінезді,бұрама тілді,бірақ адал, қызу қанды, дөрекі, айналадағыларына қамқор.

Ермек - Қамажайдың інісі. Өте сүйкімді кейіпкер, үйінің кенжесі болып табылады.

Нәзила - Қамажайдың сіңлісі. Мұғалім болып жұмыс істейді. Мінезі - ерке, тікмінезді, тура сөзді.

Гауһар - Нәзиланың құрбысы. Омарға ғашық. Ойын көтеретін ақкөніл,адамгершілігі мол жан.

0,0(0 оценок)
Ответ:
VIXXX
VIXXX
04.07.2020 04:57

Шортанбай Қанайұлы (1818, қазіргі Жамбыл облысы Қаратау өңірі – 1881, қазіргі Қарағанды облысы Шет ауданы) – ақын, діни қайраткер. Ол Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың отбасында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып замандастары қатарлы білім алмаған. Бұрыннан қазақ халқының қасиетті астанасы есепті Түркістан қаласы, оның сол тұстағы шар тарапқа жайылған даңқы жас талапқа әсерсіз болмаған.

Қиялына қанат бітіріп, өнер-білім биігіне талпыған алғашқы тәлім-тәрбие ұясындай ізгі әсер еткен, парасатты ақыл иелеріне жақын жүріп, жақсылар қатарына ерте ілескен. Көзі ашық, сауатты, білімге құштар жасқа үлгі-өнер боларлық ойлы орта, тәлімге - ұстаздар да кезіксе керек-ті.

Көкірегі ояу, көркемдікке әуес сезімтал жас естіген есті сөздерін құлағына құйып, көрген ғажайыптарың ойына орнықтырып, шама-шарқынша ақылға салып, санамен салмақтайды.

Жас талап тұстастарының бірі аллатағала әмірімен, діни түсіністіктермен баланыстырса, екіншісі Яссауи қалдырған парасат сөздерін тақпақтап, ауызға-өсиетке негізделген "Диуани Хикметтен" үзінділер келтіріп, көкеге ой салар сырлы сөзжинағын ауызға алар еді. Жалғыз ғана емес, одан бергі Түркістандық өнерпаздар.

Мұсылмандық жолындағы оқудың нәтижесі оның қолын ишандық дәрежеге жеткізді. Бұл жолда қызмет атқару үшін Түркістаннан Арқаға, Қарақаралыға қарасты Бесата жайлаған Жамантай төренің мекеніне қоныс аударуға тура келеді.

Одан кейін Ақсу-Аюлы бойын қоныстанған Жанғұтты бидің қарамағанан шағын мешіт салдырып, медресе ашады. Өле-өлгенше осы биді төңіректеп, өмір кешеді. Ер жетіп, еркінше еңбек етуге бел буған талабы зор, талғамы қалыптасқан Шортанбай жаңа ортаға, өзге өлке жағдайына кезігеді.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота