Жазылым Білім алушылар екі сұрақтың (тақырыптың) біреуін таңдайды. Құрамы 120-150 сөзден тұратын жазба жұмысын орындау керек.
1. Қазақ халқы ерте заманнан-ақ табиғатқа етене жақын өскендіктен ауа райын сол табиғат құбылыстарына қарап болжағаны белгілі. Ата-бабаларымыздың ауа райы жайындағы қандай жорамалдарын білесіз? Мәтін жазыңыз (120-150 сөз көлемінде).
2. Сіз отбасыңызбен бірге аяқ астынан саяхатқа шығу керек болдыңыз. 3 күнге өз сынып жетекшіңізден сұрануыңыз керек. Осыған байланысты өтініш (сұрану себебі, уақыты көрсетілу керек) жазыңыз (120-150 сөз көлемінде).
Қазақ халқы ерте заманнан-ақ табиғатқа етене жақын өскендіктен ауа-райын сол табиғат құбылыстары мен жан-жануарлардың тыныс-тіршілігіне қарап болжағаны белгілі.Олар ерте кезден ауа-райын алдын ала бақылап, мал-жанның түрлі апаттардын аман сақтау үшін ерте қамданып отырған.Ауа-райын болжаушылар табиғат құбылыстарын бақылап,күн есептеудің дәстүрлі әдістерін құпия ұстаған.Оны атадан балаға мұра етіп қплдырып отырған.Сонымен де олар аспан денелері мен табиғат құбылыстарын бақылап,естелікке алып отырумен бірге,өз кезегінде мал-жанға қолайлы жаңа өріс,ел-жұртқа жайлы құтты қоныс таңдауда да шешуші рөл атқарып келген.Бүгінде сол игі дәстүр ұмытылып бара жатқаны жасырын емес.