Жазылым Берілген 4 сұрақтың қайсысын таңдайтыныңызды көрсетіп, тиісті шаршыға қанат белгісін (✔) қойыңыз. Жазба жұмыстарында ыңғайлас және қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерді; шартты, мезгіл, қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз. 29
1
2
3
4
1. ЭКСПО – 2017 – Қазақстан белесі
2017 жылдың жазында Астана қаласында өткен ЭКСПО көрмесіне барғаныңызды еске түсіріп, көрмеден алған әсеріңіз (не көрдіңіз? не істедіңіз?) туралы газетке шағын мақала жазыңыз.
2. Биотехнологиялық жаңалықтар
Сіз мектеп телестудиясында жас тілшісіз. Мектебіңізде биотехнология саласындағы ғылыми жобалар сайысы өтіп жатыр. Бұл шараға қонақ ретінде NASA жанындағы университетті бітірген жас ғалым қазақстандық Дәмелі Мектепбаева да келді. Іс-шараның өту барысы туралы шағын репортаж мәтінін жазыңыз.
3. Болашақ энергия көздері
Сізге «Болашақтың энергиясы» қалалық эссе байқауына қатысу мүмкіндігі туды. «Қазақстан үшін жел мен Күн энергиясын өндірудің тиімділігі неде?» тақырыбында шағын эссе жазыңыз.
4. Алаш идеясы мен қайраткерлері
Сабақ тақырыбы: Алаш идеясы мен қайраткерлері. Мұғалім сынып оқушыларына мынадай тапсырма ұсынды: Егер сізде бұрынғы кезеңге өтуге мүмкіндік болса, қай Алаш қайраткерімен кездесіп, сұхбаттасар едіңіз? Ол адамды не үшін таңдайсыз? Кейіпкермен шағын сұхбат мәтінін жазыңыз.
Су энергетикасы – энергетиканың су қорларының қуатын пайдаланумен айналысатын саласы. Алғашқы су энергиясы диірмендердің, станоктардың, балғалардың, ауа үрлегіштердің, т.б. жұмыс машиналарының жетектерінде пайдаланылды. Гидравликалық турбина, электр машинасы жасалып, электр энергиясын едәуір қашықтыққа жеткізу тәсілі табылғаннан кейін, сондай-ақ су энергиясын су электр стансаларында (СЭС) электр энергиясына түрлендіру жолының жетілдірілуіне байланысты су энергетикасы электр энергетикасының бір бағыты ретінде дамыды. СЭС – жылу электр стансаларына қарағанда жылдам реттелетін, икемді энергетикалық қондырғы. Олардың жиілікті реттеуде, қосымша жүктемелерді атқаруда және энергетикалық жүйенің апаттық қорын қамтамасыз етуде тиімділігі жоғары. Қазақстандағы су энергетикасы құрылысы 1928 жылы Лениногорск қаласының маңында, Громатуха өзенінде Жоғарғы Хариуз СЭС-і іске қосылғаннан басталды. Қазақстан өзендерінің су энергетикалық жылдық қорлары 162,9 млрд. кВт сағ. болып бағаланады. Соның ішінде техникалық тұрғыдан пайдалануға болатыны 62 млрд. кВт сағ.
Жел энергетикасы — жел энергиясын механикалық, жылу немесе электр энергиясына түрлендірудің теориялық негіздерін, әдістері мен техникалық құралдарын жасаумен айналысатын жаңартылатын энергетиканың саласы. Ол жел энергиясын халық шаруашылығына ұтымды пайдалану мүмкіндіктерін қарастырады. Елімізде арзан электр энергия көздерін іздеу мақсатында, “Қазақстанда 2030 жылға дейін электр энергиясын өндіруді дамыту туралы” мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, жел күшімен өндіретін электр энергиясы қуатын халық шаруашылығына қолданудың тиімді жолдары қарастырылуда. Қазақстанда жел күшімен алынатын электр энергиясы қуатын кеңінен және мол өндіруге болады.