Жазылым. Берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орфографиялық нормаға сай орындаңыз. 1. Жергілікті газетке «Оқушы бойында адамзаттық құндылықтарды қалай қалыптастырамыз?» тақырыбында шағын мақала жазыңыз. (150 сөз) 2. Сіз тәрбие сағатында «Жалпыадамзаттық құндылықтар дегеніміз не?» тақырыбында баяндама оқығалы отырсыз. Баяндамаңыздың жалпы мазмұны бойынша жазба жұмысын жазыңыз.
Композиция (латынша сomposito-құрастыру, қиыстыру)-көркем шығарманың құрылысы. Композиция-әдеби шығарманың құрылыс, оның үлкен-кішілі бөлім-бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық-бірлігі. Шығарманың құрылысы шымыр болуы, бас-аяғы жеке тараулары жнақы келуі жекелеген бөлімбөлшектердің орынды жалғасуына байланысты. Әдеби шығарманың композицялық құрылысының ұтымдылығы сөз болатын мәселелерді, суреттелетін жағдайларды, кейіпкерлердің іс-әрекетін талғап таңдай білу, оларды екшеп, сұрыптап алу, қисынын тауып қиюластыра білу шеберлігіне байланысты болады және бұл-жазушының қандай шиеленіскен жағдай болса да түйінін тауып, ақ пен қараны ажыратып, не нәрсенің мәніді, маңызды екенін түсінетін көрегендігіне байланысты болады. Композиция тектері "орнықты", "айнымалы", "ашық" және "жабық" болып бөлінеді. Композицияның орнықты және жабық тектері Қайта әрлеу дәуіріндегі өнерде басымырақ қолданылды, ал айнымалы және ашық тектері барокко стилінен айқын көрініс тапты; Композицияны түрлері:
Сюжеттің басталуы (уақиғаның басталуы).
Шығарма ішіндегі уақиғалар байланысы.
Уақиғаның шарықтау шегі.
Уақиғның аяқталуы (шешімі).
Мәтін — бұл жалпы (бір) тақырып төңірігіндегі біріккен, сабақтастық пен тұтастық тән, ақпаратты жеткізетін мазмұнды (мәнді) сөйлемдердің тізбегі. Мәтін сөзінің этимологиясы семантикалық құрылымдардан тұрады; адамның жасаған нәрсесі, осы істелген нәрсе әлементтерінің ішкі байланыстылығы, істелген нәрсенің шеберлілігі және осы аталған үш семантикалық құрылымдарға сай оны үш пән — мәтінтану, герменевтика және поэтика зерттейді. Мәтінтану қарастырылып отырған мәтіннің қай дәуірге немесе авторға тиесілі екендігін анықтайды. Мәтінді қазіргі семиотика мен мәтін философиясындағыдай тым кең мағынада түсінуге болады. В.Рудневтің жасаған мәтін тұжырымы жеті баптан тұрады:
1) Мәтіннің барлық элементтері өзара байланысты (құрылымдық поэтика тезисі)
2) Мәтін элементтерінің арасындағы байланыс қайталанып, өзгеріп отыратын бірліктер мотивтер ретінде айқындалады (мотивті талдау тезисі)
3) Мәтінде кездейсоқ ештеңе жоқ (психоталдау)
4) Мәтіннің әрбір жекелеген және үстірт көрінісінің астында мифологиялық сипаттағы терең, әмбебап заңдылықтар жатыр (К.Т.Юнгтің аналитикалық психологиясы)
5) Мәтін шындықты суреттемейді, ол онымен өзара күрделі қарым-қатынасқа түседі (аналитикалық философия және тілдік актілер теориясы)
6) Бір мәтіндегі ақиқат нәрсе, басқасында жалған болып шығуы мүмкін (мүмкін дүние семантикасы)
7) Мәтін – қатып,семіп қалған дүние емес, ол автор мен оқырман және мәдени контекст арасындағы сұхбат (Бахтин поэтикасы).
Мәтін мен шығарма ұғымдары синоним емес. Мәтін – образдарды материалды тұрғыда ұсынушы, ол қашан оқылғанда ғана шығармаға айналады. Шығарма өзін көркемдік тұтастықта танытады. Яғни оның өзіндік шекаралары бар.
Көркем шығармалар— жазушының өмір тануына, дүние сезінуіне, көзқарасына сол өмір фактісін жи-нақтап, қорытып бейнелі тілмен жазу мәнерінен болады. Сөйлеу тілімізде сөздер бұрыннан машықталған үйреншікті қалыпта жұм-салады, ал көркем шығармада сөздер сараланып, белгілі стильдік мақсатта қолданылады. Көркем сөзбен жазылған әдеби шығарма — өмір фактілерін жан-жақты терең қамтитын жанды организм. Онда адам да, аң да, құс та, табиғат та — бәрі де қатысады. Тұрмыс-салт, шаруашылық, экономика салаларынық калпы, даму жолдары көрсетіледі. Қөркем шығармада көптеген кейіпкерлер болады. Олар жағымды, жағымсыз образдарға бөлініп, топталады. Олардың әрқайсысының өз алдына жеке-дара сырт пішіні — портреті — жасалып, іс-әрекеттері, ой-өрісі, өмір тануы суреттеледі. Ол кейіпкерлердің тіл ерекшеліктері болады. Сөйтіп типтік образдар жасалады. Шығармалардағы адамдар табиғат қоршауында әрекет жасайды. Мұның бәрі шығарманын идеялық мазмұнын, көркемдік ерекшелігін айқындауда маңызды роль атқарады. Шығарманың көркемдік қасиеті ондағы қайталаусыз жасалған әр алуан образдар мен өмір құбылыстарыньщ картиналары бейнелеулер арқылы көрінеді.
Объяснение:
Ыбырай Алтынсарин қазақтың ағартушылық тарихы мен ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із
қалдырды. Сонымен қатар ол көрнекті ақын əрі жазушы
болды. Оның қаламынан бойындағы тамаша талантын
танытқан маңызы зор көркем шығармалар туды. Ол
өзінің бар күш-қуатын халықты ағарту, жастарды
тəрбиелеу қызметіне жұмсады. Ыбырайдың жазушылық қызметінің сол оқу-өнер, білім мəселесімен
сабақтастығы анық. Оның ақындық шабытына дем
беріп, жазушылық қиялына қанат бітірген зор нысана – қараңғы қазақ халқының көзін ашу, көңілін ояту,
оны озық мəдениетті елдердің қатарына қосу болды.
Осы жолда ол бойындағы бар күш-қуатын, қабілеті
мен білімін сарқа жұмсады. Бұл бағытта тың бастамалар жасап, соған бүкіл саналы ғұмырын арнады. Ыбырай қазақ ішінде халық ағарту жұмысын бірінші болып
қолға алған, сол жолда өмірінің ақырына дейін үздіксіз
еңбек еткен жалынды патриот болды.
Ыбырай халық ағарту ісінде қандай елеулі орын
алса, əдебиет пен мəдениетіміздің тарихынан да
сондай екшеулі орын алады. Ол – қазақтың жазба əдебиеті мен тілінің негізін қалаушылардың бірі.
Əдебиетке тың тақырыптар əкеліп, озық ойлар енгізді.
Шығармаларын шиеленіскен тартыстар мен соны бейнелер негізінде жаңғыртып, бұрын болмаған жанрлар арқылы əдебиетті мазмұны жағынан ғана емес, түр
жағынан да дамытты. Оның мағынасы терең тағлымды
өлеңдері, қысқа да əсерлі əңгімелері төл сөз өнеріміздің
тарихында айрықша орын алды. Əсіресе оның төл туындылары мен аударма шығармаларында балалар
əдебиетіне қойылатын негізгі талаптардың барлығы
да, атап айтқанда, туындының көлемінің шағындығы,
құрылысының қарапайымдылығы, тілінің таза, түсінікті
əрі шұрайлылығы жəне оқушы ұғымы мен жасына
сəйкес көркем əрі қызықты баяндалуы, тағы басқалар
анық байқалады.
Сайып келгенде, мұның бəрі Ыбырай Алтынсариннің қазақ əдебиеті мен мəдениетінің тарихындағы айрықша орны барын көрсетеді.
Ыбырай Алтынсариннің əдеби-педагогикалық мұрасы туралы қаншама дүние жазылса да, аздық етері
анық. Олай дейтініміз, уақыт озған сайын, замана сазына орай ұлы ағартушы, көрнекті ақын əрі жазушы
мұрасына деген ұрпақ көзқарасы да өзгермек. Бұл – өмір
талабы əрі бұлтартпас заңдылық.
Осы тұрғыдан келгенде, Ыбырай шығармаларының
көркемдік, тілдік ерекшеліктері туралы бұрынғы-соңды
жазылып, жарияланған еңбектерді саралап-салмақтау
бүгінгі күннің талабы десек болады. Осы жайттарды
ескере келіп жəне қолда бар материалдарды пайдаланып, шама-шарқымызша педагог-жазушының шығармалары жайында жазылған осы тараптағы еңбектерді
іріктеп, жинақ көлеміне сəйкестендіріп, жариялап
отырмыз.
Бұл томда құрастыруда мына төмендегідей ұстанымдар басшылыққа алынды. Біріншіден, Ы. Алтынсариннің аса бай мұрасына қатысты əр кезеңде жазылып, жарияланған еңбектер іріктелініп əрі көтерген
мəселесі мен тақырыбына орай бес томдық болып
топтастырылған болса, мына үшінші том жинағына
Ыбырай Алтынсариннің қазақ жазба əдебиеті мен
тілінің негізін қалаушы ретіндегі шығармаларына талдау жасаған, сындарлы ой-пікірлер қозғаған тілші,
əдебиетші ғалымдардың еңбектері енгізілді.
Екіншіден, жоғарыда атап өткеніміздей, көптомдықты құрастырып, шығару барысында бірізділік берік
сақталып, яғни ыбырайтанушылардың кеңестік кезеңнің
салқыны сезілетін жарияланымдары мен тəуелсіздік
тұстағы таралымдары сол қалпында еш өзгеріссіз
берілді. Бұл – осы тақырыпқа қызығушылық танытушы
оқырман мен ізденушілерге салыстырмалы түрде зерттеу жүргізу үшін арналған ұстаным.
Үшіншіден, осы тұрғыдағы жарияланымдарды
шыққан мезгіл-мерзімі бойынша түзіп, əуелі кеңестік,
сосын тəуелсіздік кезеңге сəйкестендіріп беру мəселесі
ойластырылды.
Қорыта айтқанда, аталмыш том Ы. Алтынсариннің
мұрасына қызығушылық танытушы жалпы оқырман
қауым мен ізденушілердің кəдесіне жарайды деген ойдамыз.
Объяснение: сделайте лучшим ответам и поставте лайк