Жазылым Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз (6-8 сөйлем). Диалогке қатысуда сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріңіз.
Ұсынылатын тақырыптар:
1. Сіз үшін отбасының маңызы қандай?
2. Отбасыңызда қандай мерекелер тойланады?
3. Сізге қала өмірі ұнайды ма, әлде ауыл өмірі ұнайды ма? Неліктен?
4. Қала мен ауыл өмірінің ерекшеліктерін сипаттап айтыңыз.
5. Өзіңіз тұратын мекеннің қандай артықшылығы бар?
6. Қазақстанда қандай таулар бар? Олар туралы не білесіз?
7. Тауға саяхат жасаған дұрыс па? Сіз ұнатасыз ба?
Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы — Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш қорық. Жамбыл облысының Жуалы ауданы мен Түркістан облысының Түлкібас ауданы аумағында орналасқан. Қорық Ақсу және Жабағылы атты екі өзеннің арасына орналасқан.[1] Ол 1926 ж. құрылған. Құрамында Қаратаудағы «Қарабастау» (126 гектар) және «Әулие» (100 гектар) телімдері бар. Жерінің ауданы 128118 гектар (2007). Қазір Ақсу–Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген.