Жазылым Екі сұрақтың (тақырыптың) біреуін таңдап,эссе жазыңыз. (120-150 сөз).
1. Сіз «Уақыт» сөзінің мәні мен маңызын ойланып көрдіңіз бе? Бәріміз бұл сөздің мән-мағынасын білеміз, бірақ оның маңызы туралы аз ойланатын сияқтымыз. Халықтамынадай сөз бар: «Өмірдегі ең қиын үш нәрсе: сыр сақтау, уәдеде тұру және уақытты босқа өткізбеу». Сіз ең жақын досыңыздың бос уақытын қалай өткізетінін сипаттап, эссе жазыңыз (120-150 сөз көлемінде).
Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «алаш» деген атты аламын.
Сүйгенім – қазақ өмірі, өзім – қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!
Ерікті ен даланың құсынша ұшып,
Ер жеттім кеңшілікті сүтін ішіп.
... Алтай, Ертіс Сырдария, Есіл, Жайық,
Арасын қоныс қылдым ірге жайып.
Елім, жерім, қорғайтын ерім болып,
Ер жеттім ен далада лықа байып.
Ер Түрік ұрпағымын даңқы кеткен,
Бір кезде Еуропаңды тітіреткен.
Кіргені есік, шыққаны тесік болып,
Күнбатыс, Күншығысқа әмірі жеткен.
Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға «алаш» деген атты аламын.
Сүйгенім – қазақ өмірі, өзім – қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын!