В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
коля856
коля856
06.04.2022 09:02 •  Қазақ тiлi

Жазылым «Фасфудтың зияны» туралы

эссе жазыңыз (40-50 сөз).





















Показать ответ
Ответ:
anastasia8879
anastasia8879
03.04.2021 06:58

Фастфуд – денсаулыққа зиян тигізетін тағам екенін әрбір адам біледі. Бұл өнімнен бас тартатын себептер көп және солар жайлы айтып кетейік.

«Fast food» деген сөз, ағылшын тілінен аударғанда «жылдам тамақ» дегенді білдіреді. Бұндай мекемелер Ежелгі Римде де болған. Бірақ ол заманда тағамдарды табиғи өнімдерден жасаған. Ал қазір оған дәмді күшейтетін және иіс шығаратын қоспалар қосылады. Фастфудтың иелері жылына бірнеше миллиард доллар табыс табады. Бұл өнімдердің тұтынушылары миллионнан асады. Фастфуд – ыңғайлы, жылдам және арзан болғанына қарамастан, оның бір кемшілігі бар – ол денсаулыққа зиянды.

Қазақстанда үй тағамының орнына, гамбургер мен фри картобын таңдайтын адамдардың саны көбейіп келеді. Олар тамақ әзірлеуге уақыт болмағандықтан, фастфудқа көштік деп ақталады. Оның адам ағзасына тигізетін кері әсері:

•Ең басты кемшіліктерінің бірі – калорияның көп болуы. Ол семіздікке әкелетін басты себеп.

•Құрамындағы транс-майларын, «өлтіруші-майлар» деп атайды. Ол Альцгеймер ауруы, инфаркт және қатерлі ісікке әкеліп соғады.

•Бұл тағамдарға натрий (тұз) көп мөлшерде қосылады. Натрий қан қысымын арттырып, жүрек-тамыр жүйесінің жұмысына жүктеме жасайды.

Фаст-фуд өнімдерінде пайдалы компоненттер өте аз, оны жиі жейтін адамда витамин жетіспеушілігі болады. •Тағамдардың көпшілігі тазартылған көмірсулардан тұрады. Жасұнық (клетчатка) болмағандықтан, глюкоза түріндегі көмірсулар қанмен араласады. Нәтижесінде қанның қант деңгейі көтеріліп, диабет және семіздікке әкелуі мүмкін.

•Глутамат натрий – иіс және дәмді күшейтетін қоспа. Оны шамадан тыс тұтыну, бүйрек және ас қорыту жүйесіне зақым келтіреді.

•Консервант – ең зиянды қоспалардың қатарына жатады. Өндірушілер оның көмегімен сақтау мерзімін ұзартады. Аллергияларға бейім адамдарға оны қолданбауға кеңес беріледі.

•Көмірсулар мен қант, ауыздағы қышқылдықты жоғарылатып, тіс эмальінің бұзылуына және кариестің пайда болуына әкеледі.

• Бұл тағамдарды тұрақты түрде пайдалану – гипертония ауруына, иммунитеттің төмендеуіне және созылмалы аурулардың асқынуын тудырады. •Зерттеуге сәйкес, фастфудты көп жейтін балалар астма ауруынан жиі зардап шегеді. Сондай-ақ, олар тері ауруларына бейім болады екен.

АҚШ халқының 60%-ы семіздіктен зардап шегуде. Бұған кінәлі әрине – фастфуд өнімдері. Біздің елде мұндай қайғылы көрініс әлі орын алмаған. Бірақ болашақта осы проблемаға тап болуымыз мүмкін. Денсаулығыңызды ойлайтын болсаңыз, үй тағамдарын жеуге тырысыңыз.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота