ЖАЗЫЛЫМ ОЙТАРАЗЫ
9-тапсырма. «Бес саусақ» тәсілі арқылы сұрақтарға жауап жаз.
Бас бармақ
басты мәселе: Бүгінгі сабақтың ең құнды жағы не болды?
Балаң үйрек
бірлесу: Мен топта/жұпта қалай жұмыс істедім? Кімге
көмектестім? Кімді риза қылдым?
Ортан терек
ойлану: Бүгінгі сабақта не білдім, қандай дағды
қалыптастырдым?
Шылдыр шүмек шынайылық: Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
Кішкентай бөбек
көңіл күй: Сабақта өзімді қалай сезіндім?
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/shygarma/544-almaty.html
© www.ZHARAR.com
Жеңіс.
Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Солардың ішінде Бекзат Саттарханов пен Серік Сапиев сынды боксшыларымыздың есімдері Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі олар Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарының чемпиондары.
Бекзат Саттарханов - халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері. 2000 жылы өткен Сидней Олимпиадасының жартылай жеңіл салмақ бойынша чемпионы (57 кг дейін). І дәрежелі «Барыс» орденінің бірінші иегері.
Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.
Осы ағаларымыз Олимпиада ойындарында қарсыластарын жеңіп, көк туымызды желбіретіп, Казақстан атын әлемге әйгілі еткен спортшылармыздың қатарында.