Жазылым Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, құттықтау құрастырып жазыңыз. 1.«Тәуелсіздігімізге 30 жыл!» Барша қазақстандықтарды төл мерекемізбен құттықтаңыз. 2.Жаңа оқу жылымен сыныптастарыңызды, ұстаздарыңызды жазбаша құттықтаңыз. [10] (50 сөзден асу керек)
Аққу
Аққу – ежелгі, өмірдің өзгерістеріне тез уйренетін құс. Аққу – қазтәрізділер тобына жатады. Қай жерде су болса, сонда аққу өмір сүреді. Дүниежүзі бойынша 150 турі кездеседі. Қазақстан суларында оның екі түрі – сұңқұлдақ аққу және сыбырлақ аққу тіршілік етеді.
Аққулар ұзақ өмір сүретін, өте әдемі, көптеген ақын-жазушылардың шығармасыны арқау болған құстар. Олар сонымен қатар, ұша алатын үлкен құстар қатарына да жатады.Аққудың тусі ақ, салмағы 12-13 килограмға дейін жететін ірі құс. Қорегін іздегенде үйректер сияқты су астына сүңги алады. Кейбір аққу түрлері өзінің ұзын мойының арқасында 1м тереңдіктегі су өсімдіктерімен қоректенеді.
Қазақ халқы тазалық пен сұлулықтың символы ретінде қарайтын аққу өзінің ұясын кез келген көлдерге сала бермейді. Ол ұя салуға ну қамысты, суы таза әрі тұщы ірі көлдерді таңдар алады және ол маңда адамның болуын уната бермейді. Сондықтан да халқымыз оның кез келген батпақты шалшық көлде кездесе бермейтін аса талғампаз, тәкәппар қанатты екендігін қадірлейді.
Туып өскен жеріне наурыздың аяғы – сәуірдің басында қайтып оралған аққулар Қазақстан суларынан өздеріне азық, жауларынан және ауа – райының қалайсыз жағдайынан қорғанатын баспана табады. Әсіресе, қамысты қапалардың олар үшін маңызы өте зор. Көл жағасында жайқала өскен қамыс-құрақ арасына олар өздерінің ұяларын салады. Ұясын көбінесе қамыстан салады. Оның диаметрі 120-150 см болады. Аққулар еркек-ұрғашы болып жұптасқан соң, осы жұбын екеуінің біреуі өлмей жазбайды. Олардың бір-біріне сондай беріктігі туралы ел аузында ғасырдан ғасырға айтылып келе жатқан аңыздар бар. Бұл құстың бір-біріне сүйіспеншілігі сонша, егер түрлі себептен біреуі өлсе, екіншісі бұл қайғыға шыдап тұра алмайд екен. Жесір қалған аққу көк аспанның сонау биілігіне самғап, сонда соңғы «әнін» айтып болғаннан кейін, жерге қарай оқша зуылдап, тасқа соғылып өледі. Бұл шындық па? Жоқ. Бірақ, жұбайынан айырылған құстың «қуу-у... қуу-у...қуу-у» лап сол жерден көп уақыт кетпейтіндігі шындық.
Аққулар 3-7 жұмыртқа салады, оны енесі 35-40 күн басып, балапан өргізеді. Осы кезде еркегі ұя төңірегінен шықпай, балапандарын қорғап жүреді. Олар ұрпақтарымен күзге дейін бірге болып, оларды қорғаштайды. Шілде-тамыз айларында мамырлайды. Осы кезде аққулар көлдің адам бара алмайтын жерін таңдап алады. Күзде жылы жаққа кетер алдында 7-10-нан топтасады. Аққулар су өсімдіктерінің жапырықтары мен тамырларын қорек етеді. Ұсақ жәндіктерді де жеітіндігін мамандар анықтап отыр.
Аққудың көркі, мінез-қылығындағы ерекшеліктер сонау дәуірден бері халықты таңдандырып келеді. Оның су бетінде маңғаздана жүзгені, ұшқанда қанатын қағып көтерілуі, табиғаттың берген әсем бір құбылысы емес пе! Тіпті, қазақ халқы адам бойындағы жақсы қасиеттерді осы құсқа балайды ғой. Мәселен, «аққу-мысық көлдегі, асылымсың елдегі» деп ән шырқауда да адамды аққуға теңеп, оны әсемдіктің, сұлулықтың символы ретінде бағалап отыр емес пе?
Аққулар суда жақсы жүзеді. Бірақ сүңги алмайды. Ұшқанда су бетінен ауыр көтеріледі. Екі аяғымен суда артқа қарай итере желге қарсы ұшады. Өте сақ та, батыл да, күшті құс. Ол туралы халық аузында көптеген аңыз-әңгімелер бар. Оның бірі былай дейді: Бір табиғат әуесқойы «Аққу» әнін жазып алмақ болып, ертемен оны ұя салған көліне келеді. Қамыс арасында тығылып отырып, аққулардың келуін күтеді. Бір уақытта кербез сұлу құстар шалқар көлдің айдынына қона бергенде, «мерген» оның біреуін атып та үлгереді. Біреуін қанатынан жарақаттайды. Қанатынан отырған аққудың соңғы «әнін» жазып алудан үміткер болған аңшы оны жағаға алып шығып, басында телміріп отырады. Аққудың әнін жазып алып үлгерді ме, жоқ па, ол жағы бізге белгісіз, бірақ сол кезде кенеттен көл бетіндегі аққулар тобы аспанға көтеріліп жанағы мергенді тұмсықтарымен тістеп, қанаттарымен өлердей соғып, өлім халіне жеткізіпті. Бұл әңгіме де шындыққа онша жақындалмайды. Әйтсе де, аққудың күшті екені ақиқат. Ол қанатымен соғып баланың қолын сындырып жіберуге бар. Қазақ халқы аққудың «киелі, қасиетті» құс деп санайды. Оған тимей, қайта оның көл маңында көбірек жүруін ұнатады,