ІІ.Жазылым. Төменде берілген тақырыптардың біріне тиісті құрылым мен стильді (ресми, бейресми) қолдана отырып, жазба жұмысын ( мақала, әңгіме немесе хат) жазыңыз. Шамамен 150-170 сөз болуы тиіс. [8] 1.Атмосфераның ластануы туралы журналға мақала жазыңыз. 2.Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш-жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек.Адамның дені сау болу үшін не қажет екендігі туралы нұсқаулық жазыңыз.
Абай шығармалары тіліндегі кірме сөздер негізінен екі үлкен топқа бөлінеді: араб-парсы және орыс сөздері. Олардың әрқайсысын ақын өмір сүрген кезеңдегі қалың көпшілікке түсінікті- түсініксіздігіне, актив- пассивтігіне (қолданылуына) қарай іштей екі топқа жіктеуге болады:
1) Араб-парсы сөздері: а) ар, абырой, амал, адал, арам, әскер, әйел, дәулет, дәурен, зайып, зейін, күмән, қадыр, құрмет, қиял, құдай, Алла, молда, мешіт, шәкірт, хат т. с. с.; ә) аррахман, батил, жаһил, исбат, интинжа, мағмұр, мағрифат, мағишат, мәслих, латиф, ниһаят, салахият, тақриб, тахмин т. с. с.
2) Орыс сөздері: а) барқыт, бақалшік, бодан, болыс, закон, зауыт, кір, майыр, мәліш, ләпке, ояз, сияз, сот, старшын, самаурын, сома, партия т. с. с.; ә) виноват, визит, единица, занимайся, здравомыслящий, гуляйттау, миллион, картечь, номер, ноль прямота, трагедия, такт, фабрик, электрт. с. с. Сондай-ақ Абай шығармаларындағы калька арқылы жасалған балама тіркестерді де (үміттің нұры - «светило надежды», суық ақыл - «рассудок холодный», қараңғы көңіл - «мрачная душа», жабыраңқы жазған сөз - «стих унылый» т. б.) осы топқа жатқызуға болады
Үйірме жетекшісі мен оқушылар арасында диалог құрастыру.
Үйірме жетекшісі: Айымгүл, келер аптада жоспарлап қойған шаруаларың жоқ па?
Айымгүл: Әзірге, ешқандай жоспарым жоқ, апай. Бір нәрсе істеу керек пе?
Үйірме жетекшісі: Ия, солай десем де болады. Келесі аптада біздің сарайымызда ашық есік күндері өтеді. Соған әрбір үйірме өзінің оқушыларының қатысуымен түрлі іс – шаралар жүргізуі керек. Соған өзіміз кішігірім концерт ұйымдастырсақ деп ойлап отырмын.
Айымгүл: Жақсы, апай. Әрине қатысамын.
Үйірме жетекшісі: Бәрекелді, онда орындайтын күй таңдап қояйық.
Айымгүл: Маған Құрманғазы атамыздың «Балбырауын» күйі ерекше ұнайды. Концертімізді сонымен ашсақ қалай болады?
Самал: Ия, апай. Содан кейін барлығымыз жақында ғана үйренген «Шалқыма» күйін орындасақ, қалай қарайсыз?
Үйірме жетекшісі: Бәрекелді, жандарым! Міне, өздерің де концерт бағдарламасын құра алатын болыпсыңдар! Жарайсыңдар! Еңбегімнің зая кетпей жатқанына қуаныштымын!
Самал: Апай, біз бұл үйірмеде сізден көп нәрсе үйреніп жатырмыз ғой. Соны енді халыққа көрсетсек, бұл біз үшін де үлкен мақтаныш қой.
Айымгүл: Концертте өнер көрсеткеніміз сіздің арқаңызда жеткен жетістік деп білеміз!
Үйірме жетекшісі: Рахмет сендерге, жандарым! Ендеше күйлерді бір қайталап шығайық...