Жазылым Төменде берілген тақырыптардың біріне тиісті құрылым мен стильді
(ресми, бейресми) қолдана отырып, жазба жұмысын (мақала, әңгіме
немесе хат) жазыңыз. Шамамен 200-250 сөз болуы тиіс.
[10]
1. Қолындағы телефонға шүйлігіп, балабақшадан ертіп келе жатқан қызына
көңіл бөлмеген әкесіне сөзін жеткізе алмаған бала: «Құдай мені телефон
қылып жаратқанында ғой. Әкем маған ғана қараушы еді» деп іштей
жалбарыныпты.
«Әлеуметтік желінің әлегі» - деген пікірді жоққа шығарып немесе жақтап,
сюжетті әңгіме жазыңыз. Әлеуметтік желінің пайдасы немесе зияны
туралы дәлел келтіруге тырысыңыз. Өз көзқарасыңызды бір жақты
ұстаныңыз.
2. Дүкен сөрелеріндегі гендік өзгеріске ұшыраған тағамдарды тұтынушылар
— өзіміз, біздің жақындарымыз.
Сіз күнделікті өмірде осы жайтқа куә болып жүрсіз. Айналаңыздағылар да
бұған мән бермейтінін байқайсыз. Олардың санасына ұлттық табиғII
өнімдердің пайдалы екенін ескертіп, өз пікіріңізде нақты дәлелдерді
пайдалана отырып, өз сыныптастарыңызға арнап мақала жазыңыз.
Бул тжб бар ма?
Антоним, синоним, омоним сөздерді қатыстырып, сөйлем құрау.
Антонимдер:
1. Бүгінгі концертке ауылдың үлкен – кіші тұрғындарының барлығы жиналыпты.
2. Әдетте, мектеп оқушылары сабаққа бірыңғай ақ түсті жейде мен қара түсті шалбар киеді.
3. Дене шынықтыру сабағында бойымыздың ұзын - қысқасына қарай сапқа тұрамыз.
4. Бұл дүкенде қымбат зергерлік бұйымдармен қатар бағасы арзан, қолжетімді де бұйымдар жеткілікті.
5. Бүгін күн жексенбі болған соң үйіміздің жанындағы дүкен сағат тоғызда ашық екен деп келсем, әлі жабық екен.
Синонимдер:
1. Менің жеңгем айдай сұлу, өте әдемі, көрікті келіншек.
2. Биыл анамыздың мерейтойына байланысты бағалы, құнды сыйлық іздестірудеміз.
3. Асыққан кезде «Бәйтерек» пойызына мінсең болады, ол - өте жылдам, әрі жүйрік.
4. Балалы болу, перзент сүю – әрбір отбасының арманы.
5. Халқымыз Ұлы Отан соғысы кезінде елін қорғаған ержүрек, батыл, әрі батыр қаһармандарын мақтан тұтады.
Омонимдер:
1. Оқушылар асыға күтетін мезгілі жаз де басталып кетті.
2. Үйіңе аман – есен жеткен соң маған міндетті түрде хабарлама жаз.
3. Бүгін ұйықтап жатқанымда таңға жуық керемет түс көрдім.
4. Сен қандай түсті киімдерді ұнатасың?
5. Бүгін ерте тұрып, біраз шаруа істеп едім, түс ауа қатты шаршап қалдым.