Жазылым Төменде берілген тақырыптардың бiрiне тиiстi құрылым мен стильді (ресми, бейресми) колдана отырып, жазба жұмысын (макала, әнгіме немесе хат) жазыныз. Шамамен 200-250 сез болуы тиіс. [10] 1.Сiзге алтын балык ұстап алу бакыты бұйырды делік. Алтын балык сiздiн тек үш тiлегiнiздi ғана орындай алады. Ал сіз осы оңтайлы сәтті пайдаланып, жеке әлемiнiз бен қоғам өмiрiне кандай өзгерістер енгiзгiнiз келер едi? Алтын балыкка тiлектерiнiздi бiлдiре отырып, бұл женiнде сюжеттi әңгіме құраңыз. мәңгі Отанын 2.Жеңіс күні - бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортак мереке. Бұл мереке бейбітшілік пен кайырымдылыктын жасампаздығын, қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердiн айбыны, тылдағы Жеңiстi жакындаткан жұмысшылардың ерлiк еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтiн белгi болып калмак. Жеңіс күні - абыройымыз бен данкымыздын мерекесі. Бұл айрықша мерекенiн бiздiн елiмiзде тойлану деңгейi кандай? Ал, сiздiн отбасыныз бул мерекенi калай тойлап жур? Берілген сауалдар төңiрегiнде өз ойыңызды эссе түрiнде жазыңыз.
ответ:Әр адамның қиялы, арманы әр түрлі емес пе?! Кей адамдар: "Алтын баслық ұстап алсам, анама ұзақ ғұмыр тілер едім" , - дейді. Ал кейбіреулері: "Бар әлемде жақсылық орын алса деймін" ,- деп армандап жатады. Бұның барлығы, әрине, дұрыс. Аналарымыз жүз жасап, әлемде жақсылық орын алса керемет қой! Бірақ, барлығы өз орнымен болады. Егер де мен ертегілер әлеміндегі алтын балықты ұстап алсам, өзі сияқты алтын балықтар көбейіп, көмекке зәру адамдардың қармағына түссе екен дер едім. Мәселен, қазіргі заманда өкінішке орай экология салдарынан кемтар сәбилеріміз дүниеге келіп жатыр.Бұл - ең өзекті мәселе.Сондай-ақ қандай да бір қиын жағдайға душар болған, көмекке мұқтаж жандардың, сырқаттанған сәбилеріміздің жағдайы оңалып кетсе нұр үстіне нұр болар еді