ЖАЗЫЛЫМ -тапсырма. 8 Мен «Білімді жастар ел болашағы» деген тақырыпта шығарма жаздым. Шығармамда еліміздің болашағы білімді жастардың, яғни біздің қолымызда екенін жаздым. Шығармам 15 сөйлемнен құралды. Қандай сөйлемдер жазды деп ойлайсың? Өзің де жазып көр.
Міне, қыркүйек туды, күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды. Өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні тоңдыра бастады. Жұрт күземін алған, киізін де басып алды. Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған. Егіншілер астығын жинап алып, шашындыда әр жерде ғана жаңбырға сарғайған шошақтар тұр, оларды де иелері тасып алуға шана жолын күтіп отыр.
Күз.Күз келді.Ауа райы бұзыла бастады.Жаңбыр жиі жауады.Ағаш жапырықтары сарғая бастады.Қырда астық пісіп тұр.Халық бұл мезгілді алтын күз дейді. Егін даласында еңбек қызуда.Колхозшылар астық жинап жатыр.Комбайндар мен тракторлардың гүрілдеген дауысы күні-түні үздіксіз естіледі. Мектептерде оқу басталған.Оқушылар көңілді.Олар сабақтан соң,колхозшыларға көмектеседі,көкөніс жинайды.Біздің жетінші класс оқушылары сегіз тонна картоп,сәбіз жинап,колхоздың жеміс қоймасына өткізді. ( Вот такой текст,может подойдет. Перевода только нет.)
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/shygarma/111-k.html#read
© www.ZHARAR.com