Жазылым -тапсырма. мәтіндегі қою қаріппен жазылған сөздерді аудармасымен дәптеріңе жазып ал. сол сөздердің синонимдерін тауып жаз. себеп-салдар үстеулер қатысқан сөйлемдерді көшіріп жаз. еліктір таралымы туындысы
Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы№71 Қарасай батыр атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебіҚазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Маликова Шолпан Сагындыковна
7 – сынып Әдебиет пәні
Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама «Екі дос»
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік:оқушылардың есте сақтау және пайымдау қабілеттерін дамыту, тыңдау дағдыларын жетілдіру, түсінгендерін көркем сөзбен жеткізе алуға үйрету;
2. Дамытушылық: оқушыларды өз ана тілінде сауатты да мағыналы жазу қабілеттерін дамыту;
3.Тәрбиелік: дос бола білуге, достықты қадірлей білуге үйрету.
Сабақтың түрі: мазмұндама
Сабақтың әдіс тәсілдері: оқу, тыңдау, талдау, жазу.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық «Көңіл күйің қалай?».
ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.
ІІІ.Мазмұндама мәтінімен таныстыру:
Екі дос Ертеде, ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады. Бірде әскерлер бір өзеннің бойында шатыр тігіп, дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдай жөнеліпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығына қарамастан, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына апаруды өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына: -Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа беретін малым не мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол -өзімнің өмірім. Досымды босатыңыз, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, -дейді. Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да: -Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды,-дейді. -Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт. -Маған сенің көздерің керек,-дейді қолбасы,-екі көзіңді ойып аламын. Осыған келісесің бе? - Ол да болсын, көзімді тезірек ал да, досымды босат,-дейді жауынгер. Жігіт бұл сыннан толқусыз өтеді. Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын қойып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады», - деп түйеді. Сөйтіп, өз әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен. («Ел аузынан», 219 сөз.)
Мазмұндау жоспары (оқушылармен ақылдаса отырып, бірге құрылады):Жаугершілік заман. Екі жігіттің достығы.Тұтқиылдан келген жау.Тұтқынға түсу.Құн төлеу.Сүрінбей өткен сынақ.Жаудың шегінуі.
Мен Казахстанда,Петропавл каласында турамын. Петропавл улкен ари таза кала. Петропавл копултты кала. Булар - орыстар, казахтар,татарлар, армяндар, украиндер, шешендер жане т.б. Каланын кошелери узын ари таза. Дукендер, ойын-сауык орталыктары бар. Жазда айнала гулдер мен агаштарга толады, бактар оте коп. Калала 2 кинотеатр, 3 стадион, 2 театр, 3 китапхана бар. Биздин каланын мектептери ашык ари улкен. Балабакшалар да бар. Жана спорт сарайы салынды. Осында биздин хоккей командасы ойнайды. Мен оз каламды жаксы коремин. Казахские буквы не писал т.к. не читает программа.
7 – сынып
Әдебиет пәні
Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама «Екі дос»
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік:оқушылардың есте сақтау және пайымдау қабілеттерін дамыту, тыңдау дағдыларын жетілдіру, түсінгендерін көркем сөзбен жеткізе алуға үйрету;
2. Дамытушылық: оқушыларды өз ана тілінде сауатты да мағыналы жазу қабілеттерін дамыту;
3.Тәрбиелік: дос бола білуге, достықты қадірлей білуге үйрету.
Сабақтың түрі: мазмұндама
Сабақтың әдіс тәсілдері: оқу, тыңдау, талдау, жазу.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық «Көңіл күйің қалай?».
ІІ. Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау.
ІІІ.Мазмұндама мәтінімен таныстыру:
Екі досЕртеде, ел арасында жаугершілік жиі болатын кезде, қазақтың екі жауынгері төс қағысып дос болады.
Бірде әскерлер бір өзеннің бойында шатыр тігіп, дамылдапты. Тұтқиылдан жаудың қалың қолы шабуыл жасапты. Тонаған мал-мүліктерін тиеп кетіпті. Қолға түскен азаматтарды айдай жөнеліпті. Әлгі екі достың біреуі жау қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығына қарамастан, өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді. Анталаған жау әскерлері оны тарпа бас салады. Жауынгер өзін қолбасыларына апаруды өтінеді. Алып келген соң ол жаудың қолбасына:
-Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа беретін малым не мүлкім жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол -өзімнің өмірім. Досымды босатыңыз, ол үшін өзімнің өмірімді қияр едім, -дейді.
Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады да:
-Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін ғана берсең болды,-дейді.
-Ол не? – дейді досын құтқаруға асыққан жігіт.
-Маған сенің көздерің керек,-дейді қолбасы,-екі көзіңді ойып аламын. Осыған келісесің бе?
- Ол да болсын, көзімді тезірек ал да, досымды босат,-дейді жауынгер.
Жігіт бұл сыннан толқусыз өтеді.
Әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын қойып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады.
Мұны көрген жаудың қолбасы: «Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп, қапыда бас салмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады», - деп түйеді. Сөйтіп, өз әскерлеріне шегінуге бұйрық берген екен. («Ел аузынан», 219 сөз.)
Сөздік: төс қағысып, тұтқиылдан, жау қолы, малтып өту, анталаған, құн төлеу,зағип, қапыда.
Мазмұндау жоспары (оқушылармен ақылдаса отырып, бірге құрылады):Жаугершілік заман. Екі жігіттің достығы.Тұтқиылдан келген жау.Тұтқынға түсу.Құн төлеу.Сүрінбей өткен сынақ.Жаудың шегінуі.
Мәтінді мазмұндау.(1-2 оқушы түсінгендерін әңгімелейді).
Мазмұндаманы жазу.
Үйге тапсырма: Өткен тақырыптарды қайталау.
Казахские буквы не писал т.к. не читает программа.