Жазылым - Тапсырма
Берілген екі тақырыптың бірін таңдап, сөйлем ішінде
бірыңғай мүшелер және айқындауыш мүшелерді
қолдана отырып, жазылым жұмысын жазыңыз.
1. Графиктік мәтінде еліміздегі жастар арасында
жасалған қылмыс көрсеткіші берілген. Берілген
жылдардағы
қылмыстық көрсеткіштерді
салыстырыңыз.
Цирк
Цирк дегеніміз - сахналық - эстрадалық өнердің бір түрі. Көбінесе, цирк дегенімізде көбіміздің көз алдымызға сайқымазықтар (клоундар) елестейді. Дегенмен, циркте тек қана сайқымазақтар өнер көрсетпейді бұл жерде қаншама өнер иелері түрлі сахналық көріністер қояды. Мысалға алар болсақ, әуеде қалқыған акробаттар, пантомима жанрындағы әртістер, мың бұралған гимнасттар, түрлі фокус көрсететін сиқыршылар, жонглерлік өнер иелері, шабандоздар және т.б. Көбінесе цирктегі қойылымдар түрлі трюктерге негізделеді.
Біздің қаламызда цирк бар. Цирк қойылымдарын өткізбей, отбасымызбен бірге барып тамашалағанды ұнатамыз. Әсіресе, маған әуеде қалқыған акробаттар мен сиқыршылардың өнері ерекше ұнайды. Жуырда балалар күніне орай жаңа сахналық көрініс әзірленуде. Соны асыға күтудемін.